Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.06.2021
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 983 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2021 жылғы 19 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 04.06.2021 жылғы № 375 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
«1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 6-бабының 12) тармақшасына, 10-бабының 7) тармақшасына және 77-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу не Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған, медициналық техниканы кейіннен денсаулық сақтау ұйымдарына қаржылық лизинг шарттарында беру үшін сатып алуды ұйымдастыру және оны өткізу қызметінің негізгі мәні болып табылатын ұйым (бұдан әрі – Лизинг беруші) қаражатының есебінен денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техниканы қаржылық лизинг шарттарында сатып алу тәртібін айқындайды.»;
«11) жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесі – біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берген, сатып алудың жеңімпаздары деп танылған жағдайда шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер, шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, сот шешімімен бұзушылық жіберген деп танылған, жосықсыз әлеуетті өнім берушілер тізбесіне осындай заңды тұлғаларды кіргізуге негіз болып табылған өнім берушілер туралы сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютер қалыптастыратын мәліметтер;»;
«15. Тендерді ұйымдастырушы алда болатын фармацевтикалық қызметтерді сатып алу туралы тендерлік өтініштерді қабылдау аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 20 күн бұрын аптасына үш реттен сиретпей шығарылатын және кемінде Қазақстан Республикасының аумағында таралатын мерзімдік баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау және ақпаратты сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастыру жолымен әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.»;
«35. Сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор құрған жосықсыз әлеуетті өнім берушілер тізбесі бірыңғай тізбе құру үшін және оның интернет-ресурсында орналастыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.»;
«Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірілмей берілген, үш айдан асқан Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы (болуы) туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының салық органы басшысының не орынбасарының қолымен және аталған салық органының мөрімен бекітілген түпнұсқасы;»;
«4) техникалық өзіндік ерекшеліктер doc* форматындағы қағаз және электрондық түрде;»;
«47. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді берген кезде сатып алынатын дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу үшін бөлінген сомадан үш пайыз мөлшерінде екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, тендерді өткізу туралы хабарландыруда көзделген шарттарда оның тендерлік өтінімінде ұсынылған лоттар бойынша бір мезгілде кепілді міндеттеме енгізеді.»;
Полная версия
ИС BestProfi