Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.10.2009
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 632 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 448 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 30.10.2009 № 1729 Қаулысымен (31.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкіметі  Қ   АУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 632 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 25, 298-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттар сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесінде: 
2-тармақ мынадай мазмұндағы 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын: 
"13) Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу және қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор (бұдан әрі - Бірыңғай дистрибьютор) - тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді, өнім берушілерді таңдауды және олармен дәрілік заттарды жеткізу шарттарын жасауды, Бірыңғай дистрибьютор мен Тапсырыс беруші арасындағы Дәрілік заттарды сатып алу шарты негізінде тапсырыс берушілерге дәрілік заттарды және сақтау мен жеткізу жөніндегі қызметтерді өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға; 
14) Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуға тиіс дәрілік заттардың тізімі - сатып алынатын дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атаулары мен техникалық сипаттамалары бар тапсырыс берушілермен алдын ала келісілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын әзірлейтін және бекітетін құжат."; 
6-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: 
"4) Бірыңғай дистрибьютордан Тізім бойынша дәрілік заттарды сатып алу."; 
7-тармақтағы "Сатып алуға қатысу үшін" деген сөздердің алдынан "Осы Ереженің 6-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілмен дәрілік заттарды" деген сөздермен толықтырылсын; 
10-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
"4) жалпы жарамдылық мерзімі екі жылдан кем болатын дәрілік заттар үшін жеткізілген сәттегі қалған жарамдылық мерзімі жеткізілген сәттегі жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде алпыс пайызын құрауы тиіс. Жарамдылық мерзімі екі жылдан астам дәрілік заттар үшін қалған жарамдылық мерзімі жеткізілген сәтте кемінде он төрт айды құрауы тиіс;"; 
10-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
"6) медициналық иммунды-биологиялық препараттарда Қазақстан Республикасында және/немесе ТМД елдерінде кемінде бір жыл қолданылу тәжірибесі туралы деректер болуға тиіс (бұл талап тендерді ұйымдастырушының қалауы бойынша белгіленеді);"; 
72-тармақтың 4) тармақшасындағы "дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган растаған" деген сөздер алынып тасталсын; 
4-бөлім мынадай мазмұндағы 14-1-тараумен толықтырылсын: 
"14-1-тарау. Дәрілік заттарды Бірыңғай дистрибьютордан сатып алу 
74-1. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тапсырыс берушілерді дәрілік заттармен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс берушілермен алдын ала келіскеннен кейін жыл сайын бірінші қыркүйектен кешіктірмей Бірыңғай дистрибьютордан келесі жылға сатып алынуға тиіс дәрілік заттардың тізімін (бұдан әрі - тізім) бекітеді. 
74-2. Тапсырыс берушілер жыл сайын тізім бекітілген күннен бастап жиырма күнтізбелік күннен кешіктірмей Бірыңғай дистрибьюторға келесі жылға арналған алдын ала өтінімді ұсынады, онда мыналар қамтылуға тиіс: 
1) дәрілік заттардың атауы (халықаралық патенттелмеген атауларымен); 
Полная версия
ИС BestProfi