Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2015
"Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1702 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 29.10.2015 жылғы № 862 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 495-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесі осы қаулыға  қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 30 желтоқсандағы
 № 1702 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 7 желтоқсандағы
 № 2030 қаулысымен
 бекітілген
Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесі
1. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленген және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) амбулаториялық-емханалық көмектің жан басына шыққандағы кешенді тарифі – пилотты іске асыру шеңберінде және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен қаражат шегінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған денсаулық сақтау ұйымдарындағы бастапқы медициналық-санитариялық көмек пен консультациялық-диагностикалық көмек тарифін қамтитын, медициналық қызметтер кешенінің бір тұрғынға шыққандағы есеппен құны;
2) базалық тариф – медициналық көмек көрсету нысанына қарай медициналық қызмет бірлігінің құны;
3) бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша құрауыш – бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы көрсететін медициналық көмек сапасының нәтижелерін ескеретін, бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік;
4) бір онкологиялық науқасқа арналған кешенді тариф – онкологиялық тіркелімде тіркелген, медициналық қызметтер кешенінің бір онкологиялық науқасқа шаққандағы есеппен құны;
5) емделіп шығу жағдайы – стационарда және стационарды алмастыратын жағдайларда пациентке түскен сәттен бастап шыққанға дейін көрсетілген медициналық қызметтер кешені;
6) жан басына шыққандағы норматив – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, медициналық қызметтің нақты көлемімен қамтамасыз ету үшін бір адамға есептегендегі шығындар нормасы;
7) жасы-жынысы бойынша түзету коэффиценті – халықтың әртүрлі жыныс-жас санаттарының медициналық көмекті тұтыну деңгейіндегі айырмашылық ескерілетін коэффицент, оны есептеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды;
8) клиникалық-шығынды топтар (бұдан әрі – КШТ) – тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін, емдеуге арналған шығындар бойынша ұқсас аурулардың клиникалық біркелкі топтары;
Полная версия
ИС BestProfi