Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 336 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Редакция 02.05.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 8 сәуірдегі
 N 336 қаулысымен
 бекітілген
"Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолдану саласы
1. Осы "Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексін және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы "Техникалық реттеу туралы ", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы " заңдарын іске асыру мақсатында әзірленді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.04.2011 № 451 Қаулысымен (08.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Техникалық регламент осы Техникалық регламентке 2-қосымшаға сәйкес Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес өндірілетін (дайындалатын) және әкелінетін (импортталатын) жануарлар және құс етінің барлық түрлеріне, қосымша тамақ өнімдеріне, шұжық өнімдеріне, жартылай фабрикаттарға және кулинарлық өнімдерге, тамақ концентраттарына, қаннан қайта өңделген тамақ өнімдеріне, қосымша өнімдерге және өзге де құрамында ет бар тағамдарға қолданылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.04.2011 № 451 Қаулысымен (08.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Осы Техникалық регламент мынадай ет өнімдерін:
3) жануарлардан алынатын шикізаттан өндірілетін (дайындалатын) медициналық препараттарды;
4) емдік, алдын алу және диеталық мақсаттағы;
5) жеке пайдалануға арналған үйде дайындалатын өнімдерді;
6) генді түрлендірілген жануарлардан алынатын шикізатты пайдалану арқылы алынған тағамдық өнімдерді;
8) тағамдық желатинді өндіруге (дайындауға), айналымына және жоюға қолданылмайды.
Полная версия
ИС BestProfi