Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.03.2021
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 451 Қаулысы       
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.03.2021 жылғы № 189 Қаулысына сәйкес 
Редакция 30.01.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 28 сәуірдегі
 № 451 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысымен (28.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысымен (28.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысымен (28.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 мамырдағы № 743 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
1-тармақта «Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының жіктеуіші» деген сөздер «Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлар номенклатурасы» деген сөздермен ауыстырылсын.
«65. Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 319 шешімімен бекітілген бірыңғай құжаттарды бере отырып, Кеден одағы шеңберінде сәйкестігін міндетті түрде бағалауға (растауға) жататын өнімдердің бірыңғай тізбесіне сәйкес балық өнімдері міндетті түрде сәйкестігін растауға жатқызылады.»;
техникалық регламентке қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 28 сәуірдегі
 № 451 қаулысына
 1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысымен (28.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 28 сәуірдегі
 № 451 қаулысына
 2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысымен (28.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 38 сәуірдегі
 № 451 қаулысына
 3-қосымша
3-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысымен (28.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 28 сәуірдегі
 № 451 қаулысына
 4-қосымша
«Балық және балық өнімдерінің
 қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
 техникалық регламентке қосымша
Осы Техникалық регламент қолданылуы және орындалуы үшін міндетті қауіпсіздік талаптарын белгілейтін техникалық реттеу объектілерінің тізбесі
р/с
Позицияның атауы КО СЭҚ ТН коды
1 2 3
1 Тірі балық 0301
2 0304 тауар позициясының балық сүбесі мен балықтың өзге де етін қоспағанда, жас немесе тоңазытылған балық 0302
3 Мұздатылған балық, 0304 тауар позициясының балық сүбесі мен балық етін қоспағанда 0303
4 Балықтың сүбесі және балықтың өзге де еті (фаршты қоса алғанда), жас, тоңазытылған немесе мұздатылған 0304
5 Кептірілген, тұздалған немесе тұздық судағы балық; ыстық немесе суықтай ысталған балық; тамаққа пайдалануға жарамды ұсақ немесе ірі тартылған балық ұны және түйіршіктері 0305
6 Балықтан алынатын сығындылар немесе шырындар 1603 00-ден
7 Дайын балық; бекіре уылдырықтары мен оның балық уылдырықтарынан жасалған алмастырғыштары 1604
8 - ішінде дәмі бар, жылытып өңдеуге ұшыраған немесе үшырамаған немесе басқа тәсілмен әзірленген макарон бұйымдары 1902 20-дан
9 Дайын және әзірлеу үшін дайындалған сорпалар мен бульондар (көкөністен басқа); гомогендендірілген құрамы дайын тағамдық өнімдері 2104-тен
Полная версия
ИС BestProfi