Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.03.2021
"Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 мамырдағы N 743 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.03.2021 жылғы № 189 Қаулысына сәйкес  
Редакция 18.12.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін. 
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 19 мамырдағы
 N 743 қаулысымен
 бекітілген
"Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Осы "Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) осы Техникалық регламентке қосымшада көрсетілген Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлар номенклатурасы бойынша кодтармен пайдаланылатын барлық өндірілетін (дайындалатын) және әкелінетін (импортталатын) балық және балық өнімдерінің түрлеріне қолданылады. 
Осы Техникалық регламент балықтан алынатын тағамдық өнімдердің қауіпсіздігіне, соның ішінде аквадақылдары өнімдеріне, балық және балық өнімдерін өндіру процестеріне, орамасына, таңбалауына және айналымына талаптар белгілейді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.04.2011 № 451 Қаулысымен (15.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1) балықтарды көбейту және өсіру (жетілдіру) процестеріне; 
2) балалар үшін арнайы тағайындалған (соның ішінде емдәмдік және емдік-профилактикалық) тағамдарға, балық және балық өнімдеріне; 
3) балықтан әзірленген биологиялық активті және тағамдық қоспаларға; 
4) балықтан әзірленген азықтық және техникалық өнімдерге;
5) балықтан, аквадақылдардан әзірленген консервілерге, пресервілерге қолданылмайды.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.11.2010 № 1201 Қаулысымен (19.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Балық және балық өнімдерін бірдейлендіру ондағы бірдейлендіру белгілерінің бар-жоғын қарап, тексеру арқылы жүргізіледі. 
Өнімдерді зерттеу және сынақтан өткізу үшін сынама алу және бірдейлендіру өнімдердің нақты атауына талаптар белгілейтін стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды пайдалану арқылы мынадай жолмен жүргізіледі: 
Полная версия
ИС BestProfi