Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Внимание! Документ утратил силу с 20.01.2016
"Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы № 1133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 тамыздағы № 1054 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2015 жылғы № 1108 Қаулысына сәйкес
1. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы № 1133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 43, 475-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Агенттің 2012 жылға арналған қызметіне ақы төлеу 64520000 (алпыс төрт миллион бес жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен агент арасында жасалған шартқа сәйкес оны жасасқаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау үшін «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебінен агент қызметіне ақы төлеуді жүзеге асырсын.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия