Близость слов: Окончание:





Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын іске асыру жөніндегі 2012 - 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1389 Қаулысы
Редакция 17.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын іске асыру жөніндегі 2012 - 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жоспардың орындалуын уйлестіруді қамтамасыз етсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.04.2014 жылғы № 364 Қаулысымен (29.11.2011 ж. редакцияны қараңыз)
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.04.2014 жылғы № 364 Қаулысымен (29.11.2011 ж. редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі жыл сайын 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.04.2014 жылғы № 364 Қаулысымен (29.11.2011 ж. редакцияны қараңыз)
5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009 - 2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 80 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 1803 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 55, 466-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағы.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.04.2014 жылғы № 364 Қаулысымен (29.11.2011 ж. редакцияны қараңыз)
7. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Pecпубликасының Премьер-Министрі           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 қарашадағы
№ 1389 қаулысымен
бекітілген
Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын іске асыру жөніндегі 2012-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Іс-шаралар жоспары өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.04.2014 жылғы № 364 Қаулысымен (29.11.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Р/с
Іс-шаралар атауы Аяқталу нысаны Орындауға (іске асыруға) жауаптылар Орындау (іске асыру) мерзімі Болжамды шығыстар (млн. теңге) Қаржыландыру көздері
1 2 3 4 5 6 7
1. Әдіснамалық тәсілдер
1. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша семинарлар өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ЭДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2012 жылғы 1-тоқсан Талап етілмейді
2. Бұқаралық ақпарат құралдарында Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасының негізгі ережелері бойынша материалдарды (мақалалар, сұхбаттар, баяндамалар және тағы басқалар) жариялау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ЭДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) 2012 жылғы 1-тоқсан Талап етілмейді
2. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
3. Облыстарды, Астана және Алматы қалаларын 2015 жылға дейінгі дамыту бағдарламаларына орталықтары Ақтөбе, Алматы, Астана және Шымкент қалаларында орналасқан агломерацияларды, сондай-ақ елдің басқа қалаларының айналасында екінші деңгейдегі агломерациялық белдеулерді құру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ККМ, АШМ, ҚОСРМ, ДСМ, БҒМ, Еңбекмині, Мәдениетмині, ЭБЖМ, ТЖМ, МГМ жыл сайын 3-тоқсан Талап етілмейді
4. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелерін әзірлеу және бекіту Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы ҚТКШІА, ЭДСМ, ИЖТМ, ККМ, АШМ, Қоршағанортамині, ДСМ, БҒМ, Еңбекмині, БАМ, ММ, ТСМ, Қаржымині, ЖРБА, ТЖМ, МГМ 2013 жылғы 4-тоқсан 2012 жыл -1 000 млн. теңге*
2013 жыл- 1 000 млн. теңге**
Республикалық бюджет
5. Облыстарды дамыту бағдарламаларына экономикасы моношикізатты қалалардың кешенді дамуына бағытталған, жаңа өндірістерді индустриаландыру және дамыту арқылы әртараптандыру стратегиясын көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу ЭДСМ-ге ақпарат Облыстардың әкімдері, МГМ 2012-2013 жылдардың 2-тоқсаны Талап етілмейді
6. Облыстарды даму бағдарламаларына тірек (агрокенттер) ретінде айқындалған ауылдық елді мекендердің өндірістік салаларын дамыту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ЭДСМ-ге ақпарат Облыстардың әкімдері 2012 жылғы 3-тоқсан Талап етілмейді
7. «Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 54 қаулысына өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы ЭДСМ, Қаржымині, ДСМ, MM, БҒМ, АШМ, ККМ, Еңбекмині, ҚТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2012 жылғы 4-тоқсан Талап етілмейді
8. Елді аумақтық-кеңістікте дамытуды ескере отырып, өңірлердің дамуына республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттерді бөлу бойынша ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ЭДСМ, Қаржымині, ДСМ, ИЖТМ, БҒМ, MM, АШМ, ККМ, Еңбекмині, ҚТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2012 жылғы 4-тоқсан Талап етілмейді

9.
Халықтың негізгі әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілуінің бірыңғай стандарттарын кезең-кезеңмен енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ЭДСМ, ДСМ, MM, БҒМ, Еңбекмині, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы 4-тоқсан Талап етілмейді
3. Практикалық шаралар
10. Толық түгендеу өткізгеннен кейін экономикалық айналымға өңірлердегі бар пайдалы қазбалар мен өзге де пайдаланбай келген активтерді тарту бойынша шаралар қабылдау ӨДМ-ге ақпарат ИЖТМ, МГМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жыл сайын қаңтар, шілде Талап етілмейді

11.
Толық түгендеу өткізгеннен кейін экономикалық айналымға өңірлердегі бар ауыл шаруашылығы жерлерін (егістіктер, жайылымдар, шабындықтар, көпжылдық екпелер, шоғырлар) қатыстыру бойынша шаралар қабылдау ӨДМ-ге ақпарат АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жыл сайын қаңтар, шілде Талап етілмейді

12.
Даму бюджеті шығыстарының бағыттары бойынша басқарушылық шешімдер қабылдай отырып, Қазақстан Республикасы қалаларының, аудандарының және ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын және олардың одан әрі даму перспективаларын зерттеуді жалғастырудың орындылығы туралы ұсыныстар әзірлеу (2011 жылдың осындай жұмыстарының нәтижелері бойынша) Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулер тақырыптарын қарау мәселелері жөніндегі комиссияға ұсыныстар ӨДМ, АШМ, облыстардың әкімдері, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) жыл сайын 1-тоқсан Талап етілмейді

13.
Шекара маңы аумақтарын, оның ішінде Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Кеден одағының жұмыс істеуін есепке алып, перспективалы дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ЭДСМ, ДСМ, MM, БҒМ, ККМ, облыстардың әкімдері 2012 жылғы 4-тоқсан Талап етілмейді

14.
Айналымға қолда бар (оның ішінде қаржылық) резервтерді және пайдаланылмай келген шаруашылық активтерді (тұрып қалған өндірістерді, айналымнан шығып қалып, мақсатына сай пайдаланылмай келген ауыл шаруашылығы алқаптарын және тағы басқаларды) тарту арқылы өңірлердің экономикаларын, оның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың белсенді қатысуы есебінен әртараптандыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу ӨДМ-ге ақпарат Облыстардың әкімдері, АШМ жыл сайын 2-тоқсан Талап етілмейді

15.
Қолайсыз аумақтар мен елді мекендердің (Арал маңы, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы, Қарағанды облысының Приозерск қаласы және тағы басқалар) проблемаларын шешу бойынша шаралар қабылдау ӨДМ-ге ақпарат Облыстардың әкімдері, ДСМ, БҒМ, ККМ, Еңбекмині жыл сайын қаңтар, шілде Талап етілмейді

16.
Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында анықталған талаптарға сәйкес әлеуеті жоғары ауылдар (селолар) арасынан тірек ауылдық елді мекендердің тізбесін бекіту ЭДСМ бұйрығы ЭДСМ, облыстардың әкімдері 2012 жылғы 1-тоқсан Талап етілмейді

17.
Жобаның экономикалық тиімділік аспектілерін, балама маршруттардың бағыттарын ескере отырып, «Жезқазған-Бейнеу» (988км) темір жолын салу бойынша ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ККМ, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының әкімдері «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) 2012 жылғы 2-тоқсан Талап етілмейді

18.
Республика мен өңірлердің индустриялық-инновациялық инфрақұрылымын (арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, технологиялық парктер, бизнес-инкубаторлар) құруды және дамытуды қамтамасыз ету ӨДМ-ге ақпарат ИЖТМ, ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жыл сайын қаңтар Республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шеңберінде** Республикалық және жергілікті бюджеттер

19.
Демографиялық үрдістерді және елді мекендердің перспективасын талдауды ескере отырып, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және халықты әлеуметтік қорғау объектілерін (қазіргі және перспективадағы) орналастырудың картасын қалыптастыруды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ЭДСМ, ДСМ, MM, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2013 жылғы 2-тоқсан Талап етілмейді

20.
Ел және оның өңірлері аумағындағы маусымдық су басуға және су тасқынына, селге, сырғыма мен қар көшкініне, өртке, жер сілкінісіне, төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық салдарын қарсы іс-қимыл жасау инфрақұрылымын дамыту арқылы техногендік авариялар, апаттар мен дүлей апаттардан болатын тәуекелдер мен шығындарды азайту үшін жағдайды қамтамасыз ету ӨДМ-ге ақпарат ТЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2014 жылғы 4-тоқсан Республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шеңберінде** Республикалық
және жергілікті
бюджеттер
млн. теңге
 
2012 - 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша барлығы
2012 жыл Республикалық бюджет
1 100,0*
2013 жыл Республикалық бюджет
1 000,0**
2014 жыл Республикалық бюджет
-
*2012 жылға арналған іс-шараларды қаржыландыру көлемі 2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылаған кезде түзетілетін болады;
**қаржы көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіткен кезде айқындалатын және нақтылаған кезде түзетілетін болады;
АШМ                      - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                           министрлігі
БАМ                      - Қазақстан Республикасы Байланыс және
                           ақпарат министрлігі
БҒМ                      - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                           министрлігі
ДСМ                      - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                           министрлігі
Еңбекмині                - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                           әлеуметтік қорғау министрлігі
ИЖТМ                     - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                           технологиялар министрлігі
ККМ                      - Қазақстан Республикасы Көлік және
                           коммуникация министрлігі
Қаржымині                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қоршағанортамині         - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
                           қорғау министрлігі
МГМ                      - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
                           министрлігі
MM                       - Қазақстан Республикасы Мәдениет
                           министрлігі
ТЖМ                      - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                           жөніндегі министрлігі
ТСМ                      - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
                           министрлігі
ЭДСМ                     - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
                           және сауда министрлігі
ЖРБА                     - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
                           басқару агенттігі
ҚТКІША                   - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
                           үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
                           акционерлік қоғамы
«ЭЗИ» АҚ                 - «Экономикалық зерттеулер институты»
                           акционерлік қоғамы
ӨДМ - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
СДШІА - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
ҚОСРМ - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі
Полная версия
ИС BestProfi