Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.03.2015
Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 54 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.03.2015 жылғы № 119 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. «Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 шілдедегі № 599 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 281-құжат).
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Республикасының Республикасының Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 2 ақпандағы
 № 54 қаулысымен
 бекітілген
Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі
1. Осы жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі - әдістеме) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және үшжылдық кезеңге және олар өзгерген жағдайда әрбір үш жылға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде қолданылады.
2. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау
2. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі Бюджет кодексіне сәйкес тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемі арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады және төмендегідей формулаға сәйкес есептеледі:
ЖСТі =КБКі -ШБКі       мұндағы ЖСТі - і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жалпы сипаттағы трансферттерінің көлемі;
КБКі - і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кірістерінің болжамды көлемі;
ШБКі — і-облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) шығындарының болжамды көлемі.
Жергілікті бюджет кірістерінің болжамды көлемі шығындардың болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТі >0) жергілікті бюджеттен жоғары түрған бюджетке бюджеттік алып қоюлар белгіленеді.
Жергілікті бюджет шығындарының болжамды көлемі кірістердің болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТі <0) жоғары тұрған бюджеттен жергілікті бюджетке бюджеттік субвенциялар белгіленеді.
3. Жергілікті бюджеттер кірістерінің болжамды көлемін айқындау
3. Жергілікті бюджеттер кірістерінің болжамды көлемі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітілетін бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесіне сәйкес және мыналардың негізінде есептеледі:
Полная версия
ИС BestProfi