Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.02.2010
Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 шілдедегі N 599 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 02.02.2010 № 54 Қаулысымен (16.07.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. "Жалпы сипаттағы ресми трансферттерді есептеу әдістемесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 916 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының 
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы»16 шілдедегі
 N 599 қаулысымен
 бекітілген
Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі 
1. Осы жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі - әдістеме) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 42-бабына сәйкес әзірленді және үш жылдық кезеңге арналған және олар өзгерген жағдайда әрбір үш жыл сайын жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде қолданылады.
2. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау 
2. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі Бюджет кодексіне сәйкес тиісті жергілікті бюджеттің кірістері мен шығындарының болжамды көлемі арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады және төмендегідей формулаға сәйкес есептеледі: 
мұнда ЖСТ  і  - і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жалпы сипаттағы трансферттерінің көлемі; 
КБК  і  - і- облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кірістерінің болжамды көлемі; 
ШБК  і  - і-облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) шығындарының болжамды көлемі. 
Жергілікті бюджет кірістерінің болжамды көлемі шығындардың болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТ  і  >0) жергілікті бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюлар белгіленеді. 
Жергілікті бюджет шығындарының болжамды көлемі кірістердің болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТ  і  <0) жоғары тұрған бюджеттен жергілікті бюджетке бюджеттік субвенциялар белгіленеді.
Полная версия
ИС BestProfi