«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
Адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қауiп-қатер және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1112 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 16.07.2015 жылғы № 763 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қауiп-қатер және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1112 қаулысымен бекітілген
Адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қауiп-қатер және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қауiп-қатер және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар ету іс-шараларын жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Халықты хабардар ету адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, шаруашылық объектілері мен қоршаған ортаны қорғауға, қоғамдық тәртіпті қолдауға қажетті жүріс-тұрыс қағидалары, іс-қимылдар мен шаралар тәртібі туралы ақпараттандыру мақсатында жүзеге асырылады.
3. Халықты хабардар ету үшін телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану ағымдағы теле-, радиобағдарламаларын таратуды тоқтатып, телерадио хабарларын таратудың барлық желілері мен арналары арқылы бейне, мәтіндік және дыбыстық хабарламаларды беру арқылы жүзеге асырылады.
4. Халықты хабардар ету үшін телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалануға: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі өкілетті.
5. Қағидалар меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын, барлық теле-, радиокомпаниялар мен телерадио хабарларын тарату операторлары үшін міндетті болып табылады.
2. Халықты хабардар ету үшін телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану тәртібі
6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген мемлекеттік органдар қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп мүдделеріне қауіп төндіретін төтенше жағдайлардың туындау қаупі туралы бейне, мәтіндік және дыбыстық хабарламалар үлгілерінен тұратын ақпарат тасымалдағыштарды және техникалық құралдарды телерадио хабарларын тарату операторларына және теле-, радио компанияларына ұсынады. Ақпарат тасымалдағыштардың мазмұны төтенше жағдайлар, ұлттық, қоғамдық және әскери қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда жаңартылады.
7. Телерадио хабарларын тарату операторлары мен осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесу тәртібі телерадио хабарларын тарату операторы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әзiрлейтін және бекiтетін, тиісті регламенттерде анықталады.
8. Мүдделі мемлекеттік органдардың жедел кезекшілерінен хабар алғаннан кейін телерадио хабарларын тарату операторлары және теле-, радиокомпаниялар жедел түрде теле-, радиобағдарламалардың таралуын тоқтатуды жүзеге асырады және ақпарат тасымалдағышпен тиісті ақпаратты халыққа таратуды қамтамасыз етеді.
9. Кейінге қалдыру мүмкін емес айрықша жағдайларда төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделеріне қауіп төндіретін жағдайлар туралы халықты жедел ақпараттандыру үшін ведомстволық техникалық теле-, радиобағдарламаларын таратуды тоқтату құралдарымен жабдықталған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жедел кезекшісінің жұмыс орнынан, кейіннен тиісті телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпанияларға ауызша (таратуды тоқтатқан сәттен бастап 10 минуттан кешіктірмей) және 5 жұмыс күннің ішінде жазбаша мәлімдей отырып, тікелей тоқтатылады.
Ағымдық телерадио хабарларын таратуды тоқтатудың бір реттік ұзақтығы бір сағат iшiнде екi-үш рет қайталануы кезінде 5 минуттан аспайды.
10. Теледидар және радио бағдарламаларын таратуды тоқтату кезінде тікелей эфирде дыбыстық хабарламаларды беруді осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген мемлекеттік органдардың жедел кезекшілері не телерадио хабарларын тарату операторлары мен теле-, радиокомпаниялар дикторлары жүзеге асырады.
11. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген мемлекеттік органдар телерадио хабарларын тарату операторларымен және теле-, радиокомпаниялармен бірлесіп, тоқсанына кемінде 1 рет техникалық құралдардың теледидар және радио хабарларын таратуды тоқтатуға әзірлігін тексеруді мерзімді жүзеге асырады.
Полная версия