Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.09.2015
Кеден өкілінің кеден органдарына есептілікті ұсыну, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсыну қағидасын, Бажсыз сауда дүкеніне тауарлар түсуінің және оларды осы дүкенде өткізудің есебін жүргізу, сондай-ақ кеден органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті ұсыну қағидасын және кедендік аумақта/н тыс және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 115 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 685 Қаулысына сәйкес
«Кеден өкілінің мемлекеттік кірістер органдарына есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұсыну қағидасын, Бажсыз сауда дүкеніне тауарлар түсуінің және оларды осы дүкенде өткізудің есебін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті ұсыну қағидасын және кедендік аумақта (аумақтан тыс) және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептердің нысандарын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 11.03.2015 жылғы № 168 Бұйрығын қараңыз
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 30, 58, 353, 364 және 377-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) Кеден өкілінің кеден органдарына есептілікті ұсыну, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсыну қағидасы;
2) Бажсыз сауда дүкеніне тауарлар түсуінің және оларды осы дүкенде өткізудің есебін жүргізу, сондай-ақ кеден органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті ұсыну қағидасы;
3) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептің нысаны;
4) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептің нысаны;
5) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептің нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 10 ақпандағы
 № 115 қаулысымен
 бекітілген
Кеден өкілінің кеден органдарына есептілікті ұсыну, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсыну қағидасы
1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 30-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және кеден өкілінің кеден органдарына кедендік операциялар туралы есептілікті ұсыну тәртібін белгілейді.
2. Кеден өкілі осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей кедендік тазартуды жүзеге асырған кеден органына есепті кезеңдегі кедендік операциялар туралы есепті қағаз тасымалдағышта және Ехсеl форматында электронды түрде ұсынады.
3. Кедендік операциялар туралы қағаз тасымалдағыштағы есепке бас бухгалтер, кеден өкілінің басшысы қол қояды және өз мөрімен куәландырады.
Кеден өкілінің кеден органдарына
 есептілікті, оның ішінде ақпараттық
 технологияларды пайдалана отырып,
 ұсыну қағидасына қосымша
Кеден өкілінің кедендік декларациялауының қорытындысы бойынша кедендік операциялар туралы есеп
 
Р/с
Кеден органы Кедендік рәсімінің коды (КД түрі) КД жалпы саны Статистикалық құны (АҚШ долл.) Есептелді, мың. теңге Әкімшілік
Кедендік алымдар Кедендік баж Акциз ҚҚС Бұзушылық түрі ӘҚтК бабы Әкімшілік санкция
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 10 ақпандағы
 № 115 қаулысымен
 бекітілген
Бажсыз сауда дүкеніне тауарлар түсуінің және оларды осы дүкенде өткізу есебін жүргізу, сондай-ақ кеден органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті ұсыну қағидасы
1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес әзірленді және бажсыз сауда дүкеніне тауарлардың түсу және осы дүкенде оларды өткізу есебін жүргізу, сондай-ақ кеден органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Есеп жүргізу және тауарлар туралы есептілікті ұсыну
2. Бажсыз сауда дүкеніне түскен тауарлар және олардың осы дүкенде өткізілуі есепке алуға жатады.
3. Бажсыз сауда дүкендерінің иелері тиісінше осы Қағидаға 1 және 2-қосымшадағы нысандар бойынша бажсыз сауда дүкеніне түсетін тауарларды есепке алу журналына есепке алуды жүргізеді және тоқсан сайын кеден органдарына олар туралы есептілік ұсынады.
Бажсыз сауда дүкендерінің иелері тиісінше осы қағидаға 3 және  4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша бажсыз сауда дүкеніне түскен тауарлардың өткізілуін есепке алу журналына есепке алуды жүргізеді және тоқсан сайын кеден органдарына олар туралы есептілік ұсынады.
4. Есептілік тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне дейін қағаз тасымалдағышта және Ехсеl форматында электронды түрде ұсынылады.
Өткізілген тауарлар туралы қағаз тасымалдағыштағы есепке бажсыз сауда дүкенінің иесі қол қояды және өз мөрімен куәландырады.
5. Бажсыз сауда дүкеніне түсетін тауарларды есепке алу журналы және бажсыз сауда дүкенінде өткізілген тауарларды есепке алу журналы (бұдан әрі - есепке алу журналдары), алдын ала түптеледі, нөмірленеді және кеден органы басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен расталады, қызмет аймағында бажсыз сауда дүкені құрылған кеден органының мөрімен куәландырылады. Әр келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап есепке алу журналдарының нөмірленуі бірліктен басталады.
6. Бажсыз сауда дүкенінің иесі кеден органдарының лауазымды адамдарына есепке алу құжаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді және кеден органының лауазымды адамдарының талап етуі бойынша оларға ұсынады.
7. Ағымдағы күнтізбелік жылы соңғы жазба жасалғаннан кейін есепке алу журналдары кеден органына тексеруге беріледі, тексеру аяқталғаннан кейін иесіне сақтау үшін қайтарылады. Есепке алу журналдарын тексеру мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспауға тиіс.
Есепке алу журналдары тексерілгеннен кейін қосымша жазбалар немесе түзетулер енгізуге жол берілмейді.
8. Бажсыз сауда дүкенінде бар есепке алу журналдары ағымдағы күнтізбелік жылдағы есепке алу журналындағы соңғы жазба бойынша тауарлардың шығарылған күнінен бастап бес жыл бойы сақталады.
Бажсыз сауда дүкеніне тауарлар
 түсуінің және оларды осы дүкенде
 өткізудің есебін жүргізу, сондай-ақ
 кеден органдарына мұндай тауарлар
 туралы есептілікті ұсыну қағидасына
 1-қосымша
Бажсыз сауда дүкеніне түскен тауарларды есепке алу журналы
 
Р/с
Тауарды бажсыз сауда дүкенінің қоймасына орналастырған күн КД
Тауардың атауы, тауардың мәртебесі (КО немесе шетелдік тауар) Орын саны Салмағы, нетто Тауарды бажсыз сауда дүкенінің қоймасына қабылдаған адамның аты-жөні, қолы Тауарды бажсыз сауда дүкенінің қоймасынан сауда залына орналастырған күн Бажсыз сауда дүкенінің қоймасынан сауда залына орналастырылған тауардың мөлшері (дана/литр) Бақылаушы кеден органының уәкілетті лауазымды адамының аты-жөні, қолы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10










Бажсыз сауда дүкеніне тауарлар
 түсуінің және оларды осы дүкенде
 өткізудің есебін жүргізу, сондай-ақ
 кеден органдарына мұндай тауарлар
 туралы есептілікті ұсыну қағидасына
 2-қосымша
Бажсыз сауда дүкеніне түскен тауарлар туралы есеп
 
Р/с
Тауарды бажсыз сауда дүкенінің қоймасына орналастырған күн КД № Тауардың атауы, тауардың мәртебесі (КО немесе шетелдік тауар) Орын саны Салмағы, нетто Тауарды бажсыз сауда дүкенінің қоймасына қабылдаған адамның аты-жөні, қолы Тауарды бажсыз сауда дүкенінің қоймасынан сауда залына орналастырған күн Бажсыз сауда дүкенінің қоймасынан сауда залына орналастырылған тауардың мөлшері (дана/литр) Бақылаушы кеден органының уәкілетті лауазымды адамының аты-жөні, қолы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10










Бажсыз сауда дүкеніне тауарлар
 түсуінің және оларды осы дүкенде
 өткізудің есебін жүргізу, сондай-ақ
 кеден органдарына мұндай тауарлар
 туралы есептілікті ұсыну қағидасына
 3-қосымша
Бажсыз сауда дүкенінде өткізілген тауарларды есепке алу журналы
 
Р/с
КД № Орналастырылатын тауарлардың атауы СЭҚ ТН бойынша тауардың коды Саны және өлшем бірлігі Әкелінген тауарлардың кедендік құны Кедендік рәсімнің аяқталуы (өткізу немесе өзге кедендік рәсім КД №) Кедендік рәсім кодының № немесе бақылау чегінің № Саны және өлшем бірлігі Төленген кедендік төлемдер мен салықтар
Кеден дік баж ҚҚС Акциз
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
СЭҚ ТН кодтары бойынша жиыны 1 2 3 СЭҚ ТН кодтары бойынша жиыны 1 2 3 4 5
Бажсыз сауда дүкеніне тауарлар
 түсуінің және оларды осы дүкенде
 өткізудің есебін жүргізу, сондай-ақ
 кеден органдарына мұндай тауарлар
 туралы есептілікті ұсыну қағидасына
 4-қосымша
Бажсыз сауда дүкенінде өткізілген тауарлар туралы есеп
 
Р/с
КД № Орналастырылатын тауарлардың атауы СЭҚ ТН бойынша тауардың коды Саны және өлшем бірлігі Әкелінген тауарлардың кедендік құны Кедендік рәсімнің аяқталуы (өткізу немесе өзге кедендік рәсім КД №) Кедендік рәсім кодының № немесе бақылау чегінің № Саны және өлшем бірлігі Төленген кедендік төлемдер мен салықтар
Кедендік баж ҚҚС Акциз
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
СЭҚ ТН кодтары бойынша жиыны 1 2 3 СЭҚ ТН кодтары бойынша жиыны 1 2 3 4 5
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 10 ақпандағы
 № 115 қаулысымен
 бекітілген
Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есеп
 
Қайта өңдеу үшін әкелінген тауарлар
Р/с
КД
Қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың № Тауардың атауы Тауардың мәртебесі СЭҚ ТН бойынша коды Саны және өлшем бірлігі Әкелінген тауарлардың кедендік құны Төленген төлемдер
Іс жүзінде Келісім-шарт бойынша Келісім-шарт бойынша Іс жүзінде Кедендік баж ҚҚС Акциз
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
СЭҚ ТН кодтары бойынша барлығы 1 2 3 4 5 6 7 8 9
Қайта өңдеу өнімдері, тауарлардың қалдықтары
Р/с
КД
Қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың № Тауардың атауы Тауардың санаты (қайта өңдеу өнімі немесе қалдықтар) СЭҚ ТН бойынша коды Саны және өлшем бірлігі Кедендік құн Кедендік рәсімнің коды ҚР аумағында еркін айналыс үшін
Іс жүзінде Шығу нормалары бойынша Іс жүзінде Келісім-шарт бойынша ҚҚС Кедендік баж Акциз
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
СЭҚ ТН кодтары бойынша жиыны 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 10 ақпандағы
 № 115 қаулысымен
 бекітілген
Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есеп
 
Қайта өңдеу үшін әкелінген тауарлар
Р/с
КД
Қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың № Тауардың атауы Тауардың мәртебесі СЭҚ ТН бойынша коды Саны және өлшем бірлігі Әкелінген тауарлардың кедендік құны Төленген төлемдер
Іс жүзінде Келісім-шарт бойынша Келісім-шарт бойынша Іс жүзінде Кедендік баж ҚҚС Акциз
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
СЭҚ ТН кодтары бойынша барлығы 1 2 3 4 5 6 7 8 9
Қайта өңдеу өнімдері, тауарлардың қалдықтары
Р/с
КД
Қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың № Тауардың атауы Тауардың санаты (қайта өңдеу өнімі немесе қалдықтар) СЭҚ ТН бойынша коды Саны және өлшем бірлігі Кедендік құн Кедендік рәсімнің коды ҚР аумағында еркін айналыс үшін
Іс жүзінде Шығу нормалары бойынша Іс жүзінде Келісім-шарт бойынша ҚҚС Кедендік баж Акциз
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 10 ақпандағы
 № 115 қаулысымен
 бекітілген
Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есеп
 
Қайта өңдеу үшін әкелінген тауарлар
Р/с
КД
Қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың № Тауардың атауы Тауардың мәртебесі СЭҚ ТН бойынша коды Саны және өлшем бірлігі Әкелінген тауарлардың кедендік құны Төленген төлемдер
Іс жүзінде Келісім-шарт бойынша Келісім-шарт бойынша Іс жүзінде Кедендік баж ҚҚС Акциз
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
СЭҚ ТН кодтары бойынша барлығы 1 2 3 4 5 6 7 8 9
Қайта өңдеу өнімдері, тауарлардың қалдықтары
Р/с
КД
Қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың № Тауардың атауы Тауардың санаты (қайта өңдеу өнімі немесе қалдықтар) СЭҚ ТН бойынша коды Саны және өлшем бірлігі Кедендік құн Кедендік рәсімнің коды ҚР аумағында еркін айналыс үшін
Іс жүзінде Шығу нормалары бойынша Іс жүзінде Келісім-шарт бойынша ҚҚС Кедендік баж Акциз
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Полная версия
ИС BestProfi