«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 19-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшiн тұлғаларға конкурстық iрiктеуді жүргiзу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1723 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес «Басқарушы компаниясын басқару үшiн адамдарды конкурстық iрiктеуді жүргiзу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекiту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.02.2015 жылғы № 224 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған:
1) Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларға конкурстық iрiктеуді жүргiзу қағидалары;
2) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1723 қаулысымен бекітілген
Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларға конкурстық iрiктеуді жүргiзу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларға конкурстық iрiктеуді жүргiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және егер Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы экономикалық аймақ құру туралы актісінде өзгеше белгіленбесе, дауыс беру акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі орталық немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бастамасы бойынша құрылған арнайы экономикалық аймақтың басқару компаниясын басқару үшін тұлғаларға конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды. Атқарушы органның басшысы ретінде тұлғаны не мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бастамасы бойынша құрылған арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының атқарушы органы функциясын жеке дара орындайтын тұлғаны сайлау «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы экономикалық аймақ – қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыру үшiн арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимi қолданылатын, дәл белгiленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бiр бөлiгi;
2) уәкiлеттi орган – арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және таратылуы саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) басқарушы компания – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн Заңға сәйкес акционерлiк қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын заңды тұлға;
4) конкурсқа қатысушылар – арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларды іріктеу конкурсына қатысуға өтінім берген жеке тұлғалар.
3. Конкурстың мәні атқарушы органның басшысын сайлау үшін жеке тұлғаларды не арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы атқарушы органының функциясын жеке дара орындаушы тұлғаларды іріктеу болып табылады.
4. Конкурстық іріктеу ашық болып табылады және Қазақстан Республикасының Президентіне арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсыным енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде жүзеге асырылады.
5. Басқарушы компанияны басқару үшін тұлғаларды іріктеуге арналған конкурстық комиссияны (бұдан әрі – Конкурстық комиссия) уәкілетті орган тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен және басқарушы компанияның құрылтайшыларымен бірлесе отырып құрады. Конкурстық комиссияның құрамын уәкілетті орган конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде бекітеді.
Полная версия