"Экономиканың мемлекеттiк секторын басқаруда мемлекеттiң мүдделерiн одан әрi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы N 1015 Қаулысы
Редакция 26.01.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
тармақшасының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) Қаулысымен;(1-тармағы 1)
2) "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
V. "Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо" бөлiмiнде:
12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында:
02 "Байланыс жүйелерi" кiшi функциясында:
603 "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi" әкiмшiсi бойынша "3480000" деген сандар "2580000" деген сандармен ауыстырылсын;
013 "Почта-жинақтау жүйесiн дамыту" бағдарламасы бойынша "1800000" деген сандар "900000" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"220 Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгі 900000
013 Почта-жинақтау жүйесiн дамыту 900000";
3) "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға 375-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 900000 мың теңге (тоғыз жүз миллион теңге).";
5-тармақта:
"145 ауылдық байланыс бөлiмшелерiн салу және техникалық нығайту" деген сөздер "15 ауылдық байланыс бөлiмшелерiн салу" деген сөздермен ауыстырылсын;
"167" деген сандар "37" деген сандармен ауыстырылсын;
"4 почта вагондарын сатып алу жолымен магистральдық тасымалдау жүйесiн жетiлдiру, Астана қаласында есептеу орталығын құру" деген сөздер алынып тасталсын;
6-тармақтың кестесiнде:
5-бағандағы "Ауылдық, қалалық жерде почта инфрақұрылымын дамыту үшiн "Қазпочта" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту және магистральдық тасымалдау жүйесiн жетiлдiру әрi почта-жинақтау қызметтерiн дамыту" деген сөздер "Ауылдық жерде және қалаларда почта инфрақұрылымын дамыту үшiн "Қазпочта" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту." деген сөздермен ауыстырылсын;
6-бағандағы "Жыл бойы" деген сөздер "2006 жылдың 1-тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
мәтiндегi "145", "167", "225", "7-10", "9-11", "5-7", "12", "225" деген сандар тиiсiнше "15", "37", "95", "5-8", "7-9", "3-5", "10", "95" деген сандармен ауыстырылсын;
"Тiкелей нәтиже:" деген бiрiншi абзацтағы ", сондай-ақ почта вагондары паркiн жаңарту, Астана қаласындағы есептеу орталығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету" деген сөздер алынып тасталсын;
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 203-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 23 қазандағы N 1015 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына 203-1-қосымша
220-Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi ___________________________________________________________
Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi
2006 жылға арналған 013 "Почта-жинақтау жүйесiн дамыту" республикалық бюджеттiк бағдарлама ПАСПОРТЫ
1. Құны: 900 000 мың теңге (тоғыз жүз миллион теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Экономиканың мемлекеттiк секторын басқаруда мемлекеттiң мүдделерiн одан әрi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117 қаулысы; "Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 20 қазандағы N 1077 қаулысы.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: сапалы деңгейде почталық және қаржылық қызмет көрсетулердiң кең аясына халықтың және экономиканың нақты секторының еркiн қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге қабiлеттi тиiмдi жүйенi қалыптастыру.
5. Бюджеттiк бағдарлама мiндеттерi: ауылдық жерде 96 ауылдық байланыс бөлiмшесiн салу және техникалық нығайту арқылы меншiктiк филиалдық жүйе құру; ауылдық жерде почта байланыс бөлiмшелерiнiң операциялық залдарын 96 комплект көлемiнде өндiрiстiк жиһазбен жабдықтау 1 почта вагонын сатып алу жолымен магистральдық тасымалдау жүйесiн жетiлдiру.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
N р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі (кіші бағдарламалар) іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 013 | | Почта-жинақтау жүйесiн дамыту | "Самұрұқ" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" АҚ жарғылық капиталын ұлғайтып, кейiннен қаражатты ауылдық, қалалық жерде почта инфрақұрылымын дамыту үшiн "Қазпочта" АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға бағыттау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi |
| | | | | | |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Тiкелей нәтиже: 96 ауылдық почта байланысы бөлiмшесiнiң құрылысын салу және техникалық нығайту және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң техникалық нығайту талаптары бойынша сәйкестендiру; ауылдық байланыс бөлiмшелерiн 96 комплект көлемiнде өндiрiстiк жиһазбен жабдықтау, сондай-ақ почта вагондары паркiн жаңарту.
Соңғы нәтиже: 96 жаңадан жарақтандырылған почта байланысы бөлiмшесiнде компьютерлiк және банктiк жабдықтардың бiрыңғай инфо-коммуникациялық кеңiстiкте технологиялық қызметтерге нақты уақыт режимiнде пайдаланушылардың еркiн қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн базалық алғы шарттарды құру.
Қаржы-экономикалық нәтижесi: көрсетiлетiн қызметтердiң аясын кеңейту почта-жинақтау жүйесiнiң жалпы табысын 7-9 % өсiруге, және сәйкесiнше Қоғам жұмыскерлерiнiң еңбек ақысының 9-10% өсуiне, бюджетке салықтық түсiмдерiн 5-7% өсуiне ықпал етедi.
Уақтылығы: жасалған келiсiм-шарттар мен құрылыс кестелерiне сәйкес.
Сапасы: нақты уақыт режимiнде қаржылық қызметтер көрсету, пайдаланушылардың Интернетке бағытталған қызметтерге қолжетуi, жаңадан жарақтандырылған почта-жинақтау жүйесiнiң 96 бөлiмшесiнде көрсетiлетiн қызметтердiң аясын 11%-ға кеңейту.
Полная версия