Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 Қаулысы
Редакция 21.12.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер (бұдан әрі - мамандандырылған кеңестер) құрылсын:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 12.11.2008 № 1048 Қаулысымен; (17.07.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 12.11.2008 № 1048 Қаулысымен; (17.07.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 25.03.2009 № 399 Қаулысымен; (21.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
4) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 21.11.2008 № 1080 Қаулысымен; (12.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
5) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 12.11.2008 № 1048 Қаулысымен 1-тармаққа өзгерту енгізілді ҚР Үкіметінің 12.11.2008 № 1048 Қаулысымен. (17.07.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қоса беріліп отырған:
1) мамандандырылған кеңестер туралы ереже;
2) мамандандырылған кеңестердің құрамдары;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер (бұдан әрі - кеңестер) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.
Полная версия