Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.11.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2009 жылғы 27 наурыздағы N 4 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 24 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5643 болып енгізілді.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі бекітілсін. 
1) "Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 57 қаулысының (2006 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4415 болып енгізілді); 
2) "Республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 57 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы N 1 қаулысының (2008 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5124 болып енгізілді) күші жойылды деп танылсын. 
3. Есеп комитетінің аппарат басшысы Сыздықов Е.Қ. бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Республикалық бюджеттің
 атқарылуын бақылау жөніндегі
 есеп комитетінің
 2009 жылғы 27 наурыздағы
 N 4 қаулысымен
 бекітілген
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі
1. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы N 917 Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережеге, Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына (бұдан әрі – Стандарттар) сәйкес әзірленген. 
2. Ереже сыртқы бақылауды жоспарлау, жүргізу, оның нәтижелерін ресімдеу, оның қорытындысы бойынша шешім шығару және тексерудің қорытындысы бойынша бақылау материалдарының сапасына талдау жүргізу, оларды есепке алу, олардың есептілігі, орындалуын бақылау тәртібін айқындайды. 
3. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды (бұдан әрі – бақылау) бюджеттің тиісті деңгейіне қарай мемлекеттік басқарудың республикалық және жергілікті деңгейінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) мен жергілікті бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган (бұдан әрі – бақылау органы) жүзеге асырады. 
4. Бақылау қаржылық бұзушылықтарды анықтау, жою және олардың алдын алу мақсатында республикалық бюджеттің, мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік (салалық және өңірлік бағдарламалардың іске асырылуын бақылау олардың іске асырылу мерзімі аяқталғанға дейін жүргізіледі) және бюджеттік бағдарламалардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының атқарылуын, бюджет процесіне қатысушылардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылардың, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, бюджеттік инвестицияларды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – бақылау объектілері) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңдарын сақтауын мониторингі жүргізу, салыстыру, тексеру, бағалау және талдау жүйесін білдіреді. 
Бұл ретте квазимемлекеттік сектор субъектілері деп ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды, басқа да акционерлік қоғамдарды, мемлекеттік кәсіпорындар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді қамтитын жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұйымдар ұғынылады. 
5. Бақылау жүргізуге тартылған Есеп комитетінің төрағасы мен мүшелері, жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың басшылары, Есеп комитетінің, жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың аппараттарының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандары және сарапшылар осы Ережені басшылыққа алады.
Полная версия
ИС BestProfi