Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.03.2009
Республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 57 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 7 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4415 болып енгізілді.
Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 27.03.2009 № 4 қаулысымен. (10.01.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 10.01.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнiң 57-бабына сәйкес Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүргiзу ережесi бекiтiлсiн. 
2. Есеп комитетiнiң аппарат басшысы бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы қаулының мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Республикалық бюджеттің
 атқарылуын бақылау жөніндегі
 есеп комитетінің
 2006 жылғы 8 қыркүйектегі
 N 57 қаулысымен бекітілген
Республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүргiзу ережесi
1. Республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Бюджет  кодексiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 тамыздағы N 917  Жарлығымен  бекiтiлген Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi (бұдан әрi - Есеп комитетi) туралы ережеге, Мемлекеттiк қаржы бақылауы стандарттарына (бұдан әрi - Стандарттар) және Есеп комитетiнiң регламентiне (бұдан әрi - Регламент) сәйкес әзiрленген. 
Ереже бақылауды жоспарлау, оны жүргiзу, оның нәтижелерiн ресiмдеу тәртiбiн айқындайды.
2. Республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылау Есеп комитетi жүргiзетiн тәуелсiз мемлекеттiк қаржы бақылауының нысаны болып табылады. 
Сыртқы бақылау (бұдан әрi - бақылау) республикалық бюджетке түсiмдердiң толық және уақтылы түсуiн қамтамасыз ету жөнiндегi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, республикалық бюджеттен мемлекеттiң мiндеттемелерiн өтеуге арнап берiлген қаражаттардың, гранттардың, активтердiң, бюджеттiк инвестициялардың нысаналы, негiздi және тиiмдi пайдаланылуына қатысты бақылау объектiсiнiң қызметiне мониторинг жасайтын, оны салғастырып-тексеретiн, талдайтын және бағалайтын жүйенi бiлдiредi.
3. Бақылау жүргiзуге тартылатын Есеп комитетiнiң қызметкерлерi, мемлекеттiк органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандары және сарапшылар осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Есеп комитетi жүзеге асыратын бақылаудың үлгiлерi мен түрлерi
1) сәйкестiкке бақылау жасау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсi (бұдан әрi - бақылау объектiсi) қызметiнiң Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн бағалау; 
2) қаржылық есептiлiктi бақылау - бақылау объектiсiнiң қаржылық есептiлiктi жасауының және табыс етуiнiң анықтығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау; 
3) тиiмдiлiк бақылауы - iс-шаралардың атқарылу мерзiмiн және күтiлiп отырған нәтижелерге қол жеткiзудiң дәрежесiн, бюджеттiк бағдарламаны iске асыру аяқталғаннан кейiн индикаторларын, байланысқан гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет активтерiн үнемдiлiк және өнiмдiлiк бағалауларын қолдана отырып, тексеру. Тиiмдiлiк бақылауы тиiстi iс-шаралардың iске асырылуы аяқталғаннан соң жүргiзiледi, осылардан кейiн салынған қаржыдан нәтиже көру мерзiмi келедi; 
Полная версия
ИС BestProfi