Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.08.2011
"Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 4 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 37-Қ қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6702 тіркелді
Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 18.08.2011 № 2-НП бұйрығымен (28.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19) тармақшасына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5643 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, № 7, 2009 жыл) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесінде:
«сыртқы» деген сөзден кейін «мемлекеттік қаржылық» деген сөздермен толықтырылсын;
«тексерудің» деген сөз «бақылаудың» деген сөзбен ауыстырылсын;
«4. Бақылау қаржылық бұзушылықтарды анықтау, жою және олардың алдын алу мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттердің, мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк және бюджеттiк бағдарламалардың, аумақты дамыту бағдарламаларының, мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының атқарылуын, бюджет процесiне қатысушылардың, оның ішінде квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң, сондай-ақ басқа да бюджет қаражатын алушылардың, байланысты гранттарды, мемлекет активтерiн, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, бюджеттiк инвестицияларды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрi – бақылау объектiлерi) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңдарын сақтауын мониторингі жүргізу, салыстыру, бағалау және талдау жүйесiн бiлдiредi.
Бұл ретте квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi деп мемлекеттiк кәсiпорындар, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер, акционерлік қоғамдар, соның ішінде қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, олармен аффилиирленген еншілес, бағынысты және өзге де заңды тұлғалар ұғынылады.»;
«бағдарламалардың» деген сөзден кейін «, аумақты дамыту бағдарламаларының» деген сөздермен толықтырылсын;
«, әлеуметтік саланың немесе жеке алғанда мемлекеттік басқару саласының (аясының)» деген сөздер «немесе жеке алғанда экономиканың, әлеуметтік саланың, мемлекеттік басқарудың басқа да салаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 1), 2) тармақшаларында «тексеру» деген сөз «бақылау» деген сөзбен ауыстырылсын;
«операциялық» деген сөзден кейін «, жылдық» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің және ол уәкілеттік берген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі адамдарының тапсырмалары бойынша бақылау Есеп комитетінің тоқсандық жұмыс жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін жүргізіледі.»;
үшінші бөлігінде «операциялық және» деген сөздер алып тасталсын;
10-тармақта  «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ал» деген сөздерден кейін «жылдық және» деген сөздермен толықтырылсын;
16-тармақта «тексеруге» деген сөз «бақылауға» деген сөзбен ауыстырылсын;
19-тармақтың екінші бөлігінде «мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының» деген сөздер «Стандарттардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) тармақшада «бұрынғы, оның ішінде салық тексерулерінің» деген сөздер «бұрынғы бақылау іс-шараларының, оның ішінде салық тексерулерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақшада «web-сайты» деген сөздер «интернет-ресурсы» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақта «тексеруді» деген сөз «бақылауды» деген сөзбен ауыстырылсын;
26-тармақта «Мерзімі тоқсан күнтізбелік күнге дейін белгіленуі мүмкін» деген сөздер «Мерзімін бақылау органының басшысы белгілейтін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және бюджеттік бағдарламалардың» деген сөздерден кейін «, аумақты дамыту бағдарламаларының» деген сөздермен толықтырылсын;
«республикалық» деген сөзден кейін «және жергілікті» деген сөздермен толықтырылсын;
35-тармақта «тексерілуге» деген сөз «бақылауға» деген сөзбен ауыстырылсын;
36-тармақта «және бюджеттік бағдарламалар» деген сөздерден кейін «, аумақты дамыту бағдарламалары» деген сөздермен толықтырылсын;
37-тармақтың 1) тармақшасында «және бюджеттік бағдарламалардың» деген сөздерден кейін «, аумақты дамыту бағдарламаларының» деген сөздермен толықтырылсын;
38-тармақта «тексерілетін» деген сөз «бақылауға жататын» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармақта «тексеру» деген сөздер «бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
42-тармақтың 11) тармақшасында «тексеру» деген сөз «бақылау» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бақылаудың міндеттері мен мән-жайына сәйкес, бақылау объектісінің қызметі туралы толық, объективті және анық ақпарат алу мақсатында өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, ақпаратты, оның ішінде электрондық жеткізгіштерде, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге рұқсатты, жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты, оның ішінде құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты сұратады және өзі белгілеген мерзімде алады;»;
«бақылау объектісінің басшысына (лауазымды тұлғаларына)» деген сөздерден кейін «танысып, қол қоюы үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
«бақылау актісін» деген сөздер «бақылау нәтижелері жөніндегі актіні (бұдан әрі – бақылау актісі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органынан оның республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы бөлігінде жүргізген бақылауының нәтижелері бойынша қабылдаған актілерін сұратуға құқылы.»;
61-тармақта «анықтығын тексеру» деген сөздер «анықтығына бақылау жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тексеру жүргізген» деген сөздер «бақылау жүргізген» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қайта тексеру жүргізе алады» деген сөздер «қайта бақылау жүргізеді» деген сөздермен ауыстырылсын»;
бірінші бөлігінде «қайта тексеруді» деген сөздер «қайта бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлігінде «тексеруге» деген сөз «бақылауға» деген сөзбен ауыстырылсын;
65-тармақта «Мемлекеттік қаржылық бақылау» деген сөздер «Бақылау» деген сөзбен ауыстырылсын;
«68. Бірлескен бақылау бағдарламасының жобасын дайындауды бақылау органы немесе екінші тараптың келісімі бойынша бірлескен бақылау жүргізуге бастама көтерген бақылау-қадағалау органы жүзеге асырады.»;
70-тармақта «тексерушілер» деген сөз «бақылау» деген сөзбен ауыстырылсын;
71-тармақта «тексеру» деген сөз «бақылау» деген сөзбен ауыстырылсын;
73-тармақта «тексерілген» деген сөз «бақылау жүргізілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
«толық бақылануын» деген сөздер «толық көрсетілуін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бақылау актілерінде» деген сөздер «онда» деген сөзбен ауыстырылсын;
75-тармақтың 9) тармақшасында «тексеріліп отырған мәселелер» деген сөздер «бақылауға жататын мәселелер» деген сөздермен ауыстырылсын;
77-тармақта «тексеру» деген сөз «бақылау» деген сөзбен ауыстырылсын;
83-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бақылаудың нәтижелерімен келіспеген жағдайда, бақылау актісіне қарсылықтардың бар екені туралы ескертіліп қол қойылады. Бақылау актісіне жазбаша қарсылықтар осы Ереженің 52-тармағының 3) тармақшасында белгіленген мерзімде ұсынылады. Белгіленген мерзімде ұсынылған бақылау актісіне қарсылықтарды бақылау органы міндетті түрде қарайды.»;
96-тармақта «әлеуметтік саланың немесе жеке алғанда саланың (аясының)» деген сөздер «немесе жеке алғанда экономиканың, әлеуметтік саланың, мемлекеттік басқарудың өзге де салаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада «және бюджеттік бағдарламалардың» деген сөздерден кейін «, аумақты дамыту бағдарламаларының» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада «және бюджеттік бағдарламаларды» деген сөздерден кейін «, аумақты дамыту бағдарламаларын» деген сөздермен толықтырылсын;
«тексерілген мәселелер» деген сөздер «жүргізілген бақылаудың мәселелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және бюджеттік бағдарламалардың» деген сөздерден кейін «, аумақты дамыту бағдарламаларының» деген сөздермен толықтырылсын;
110-тармақта «бақылау объектілеріне» деген сөздерден кейін «және басқа да мүдделі тұлғаларға» деген сөздермен толықтырылсын;
112-тармақта «Web-сайтқа» деген сөздер «интернет-ресурсқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
114-тармақта «тексеру» деген сөз «айқындау» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппарат басшысы Е.Қ. Сыздықов осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның         міндетін атқарушы                               Қ. Сейітқұл
Полная версия
ИС BestProfi