"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 7-2-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 238 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес «Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.12.2014 жылғы № 174 Бұйрығын қараңыз
Редакция 11.02.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметтері, телекоммуникация және почта байланысы саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) баға түзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 1286 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 48, 589-құжат);
2) "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатураға енгізілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қаңтардағы N 18 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 1, 11-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 238 қаулысымен бекітілген
Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бағалардың негізсіз өсуін болдырмау мақсатында "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібін анықтайды.
2. Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.06.2010 жылғы № 537 Қаулысымен (03.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.06.2010 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.08.2012 жылғы № 1022 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.09.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) баға белгілеу - тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатураға енгізілген өнімге, тауарлар мен жұмыстарға, реттелетін нарық субъектілеріне бағаларды қалыптастыру және қарау процесі;
1-1) босатылу бағасы - реттелетін нарық субъектісі тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру және (немесе) өткізу үшін қолданатын оның бағасы;
1-2) отын алымы – есептеген кезде өсуін ескеру мүмкін болмаған тасымалдауға арналған тариф қолданылатын кезеңде авиациялық отынға шығындардың өсуін өтеу мақсатында авиакомпания алатын алым;
2) монополиялық өндірілетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) - тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие реттелетін нарық субъектілері өндіретін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер);
3) негізделген баға - осы Ережеде белгіленген тәртіппен реттелетін нарық субъектісінің негізделген шығындарының және пайдасының негізінде айқындалған баға;
4) өзіндік құн - уәкілетті орган монополиялық өндірілетін тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатураға енгізілген өнімнің, тауардың және көрсетілетін қызметтің бағасында ескеретін шығындар жиынтығы;
Полная версия