Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.03.2014
"Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу беру" электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 159 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 қарашада № 8069 тіркелді
Атау өзгертілді ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 26.12.2012 жылғы № 223 Бұйрығымен (28.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 
Осы Бұйрық күшін жойды 08.05.2014 жылдан бастап ҚР Мәдениет министрлігінің 18.03.2014 жылғы № 1 Бұйрығына сәйкес
Редакция 26.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес және «Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысының 2-тармағын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса берiлiп отырған «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 26.12.2012 жылғы № 223 Бұйрығымен (28.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өтуін және оның ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрі
___________А. Жұмағалиев
2012 жылғы «__» ______
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің м.а.
2012 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 159 бұйрығымен
бекітілген
«Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензияны беру, қайта ресімдеу» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Регламент жаңа редакцияда ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 26.12.2012 № 223 бұйрығымен (28.09.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
1. «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензияны беру, қайта рәсімдеу» электрондық мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) мына мекенжайда көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 527-кабинет, халыққа қызмет көрсету орталықтары (әрі қарай – орталықтар) және мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы: www.elicense.kz арқылы алуға болады.
2. Мемлекеттік қызмет «Мәдениет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 83 қаулысымен бекітілген «Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензияны беру, қайта ресімдеу» стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Электрондық мемлекеттiк қызметтi автоматтандыру дәрежесi: жартылай автоматтандырылған. 
4. Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудiң түрi: транзакциялық.
5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар:
1) ақпараттық жүйе (бұдан әрi – АЖ) – аппараттық-бағдарламалық кешендi қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, iздеу, тарату, тапсыру және беру үшiн арналған жүйе;
2) «электрондық үкiметтiң» веб–порталы (бұдан әрi – ЭҮП) – нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiктiң бiрыңғай терезесiн бiлдiретiн ақпараттық жүйе; 
Полная версия
ИС BestProfi