Индустриялық-инновациялық саясат саласындағы қызметті жандандыру және мемлекеттік органдардың күш-жігерін шоғырландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 29.04.2022
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі N 1048 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.04.2022 жылғы № 268 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Үйлестіру кеңесінің құрамы;
2) Үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі N 1048 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже
Осы Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) қызметінің міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негіздерін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Үйлестіру кеңесі экономиканың орнықты әрі теңгерімді өсуі және елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында құрылды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.10.2011 жылғы № 1176 Қаулысымен (26.02.2010 ж. редакцияны қараңыз)
2. Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Ережені басшылыққа алады.
4. Үйлестіру кеңесінің шешімі ұсынымдық сипатта болады.
2. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері мен функциялары
5. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеті:
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.10.2011 жылғы № 1176 Қаулысымен (26.02.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1) дамуы елді үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту көзқарасы тұрғысынан маңызды болып табылатын өнеркәсіптің нақты кіші салалары мен секторларын айқындау;
Полная версия