Близость слов: Окончание:





Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы N 1844 Қаулысы
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 11.02.2010 жылғы № 86 Қаулысымен (16.11.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 31.12.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 183-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесі белгіленсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 11.02.2010 жылғы № 86 Қаулысымен (16.11.2009 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесі
Қаулы тізбемен толықтырылды ҚР Үкіметінің 11.02.2010 № 86 Қаулысымен, өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.05.2012 № 708 Қаулысымен. (16.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы.
2. Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 952 Қаулысына сәйкес (02.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)
2-1. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы;
Тізбе 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 18.03.2016 жылғы № 146 Қаулысына сәйкес
3. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы.
4. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы.
Тізбе 4-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 02.06.2016 жылғы № 324 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 16 қарашадағы
 N 1844 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы N 402 қаулысы.
2. "Қазақстандық ипотекалық компания" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің шарттарын айқындау туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы N 402 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1295 қаулысының 3-тармағы.
3. "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредитті беру шарттарын анықтау туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы N 402 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 тамыздағы N 743 қаулысының 3-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы N 402 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі N 863 қаулысы.
Полная версия
ИС BestProfi