Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1052 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет  кодексіне  және»"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 22 қазандағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1.»"2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220  қаулысына  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
"205" деген сандардан кейін»"205-1",»"205-2", "205-3" деген сандармен толықтырылсын; 
"220",»"375",»"390" деген сандар алынып тасталсын;
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бойынша: 
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"1. Құны: 44195929 мың теңге (қырық төрт миллиард бір жүз тоқсан бес миллион тоғыз жүз жиырма тоғыз мың теңге)."; 
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 18-жолдағы»"Батыс Қазақстан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын: 
"Мыналарды: 1) Батыс Қазақстан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының әкімшілік ғимаратында; 2) Шығыс Қазақстан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының әкімшілік ғимараттарында; 3) Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полк полициясының әкімшілік ғимаратында және гаражында күрделі жөндеу жүргізу."; 
"Тікелей нәтижедегі "2784" деген сандар "1265" деген сандармен ауыстырылсын; 
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 3-жол»"Қылмыстық істер бойынша өндіру кезінде өзге де жұмыстарды және қызметтерді төлеу" деген сөздермен толықтырылсын; 
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 1-жолда»"жолаушы поездарында орындарды броньдеу бойынша қызметтерді төлеу, байланыс қызметтеріне ақы төлеу" деген сөздер»"жолаушы поездарында орындарды броньдау жөніндегі қызметтер үшін кредиторлық берешекті өтеу," деген сөздермен ауыстырылсын; 
Полная версия
ИС BestProfi