Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.07.2007
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 1314 Қаулысы       
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 26.07.2007. № 633 Қаулысымен. (29.12.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кіріс туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 184-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын: 
"3-2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2005-2007 жылдардың қорытындылары бойынша дивидендтерді төлеуге таза кірістің 10 (он) пайызын жіберу үшін "Қазақстандық ипотекалық компания" акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу кезінде белгіленген тәртіппен барлық қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi