Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.04.2013
Қазақстан Республикасы Ішкі іcтep министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 26 ақпандағы N 83 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 26 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4587 болып енгізілді.
Осы Бұйрық күшін жойды 2013 жылғы 24 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрлігінің 02.04.2013 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес
Механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН: 
1. "Механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мepзімді мемлекеттік техникалық байқау туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі icтep министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы  N 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4263 болып тіркелген, 2006 жылғы 19 шілдедегі N 132 (1112)   "Юридическая газета", 2006 жылғы 19 шілдедегі N 132 (938) "Заң" газеттерінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгepicтep мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақтағы екінші және үшінші абзацтар жеке 2.1-тармақ болып бөлінсін және мынадай редакцияда жазылсын: 
"2-1. Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарын байқаудан  өткізу жол полициясының тексеру пункттерінде мынадай кезеңде: 
- шыққан жылын қосқанда жасы 7 жылдан асқан көлік құралын - әpбip 12 ай сайын; 
шыққан жылын қосқанда жасы 3 жылдан 7 жылға дейінгі көлік құралын - әpбip 24 ай сайын; 
шыққан жылын қосқанда жасы 3 жылға дейінгі көлік құралын - әрбір 36 ай сайын жүргізіледі. 
Бұл ретте автобустар, микроавтобустар мен такси, және де адам тасуға арнап жабдықталған жүк автомобилдері меншік түріне және шыққан жылына қарамастан мемлекеттік техникалық байқаудан әрбір 6 ай сайын өткізіледі.";
үшінші абзацтағы "Жол полициясының қызметкері" деген сөздер алынып тасталсын, "жасайды" деген сөз "жасалады" деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы соңғы сөйлем "және "Технадзор" автоматтандырылған іздеу жүйесінде есепке алынуы тиіc" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші сөйлемдегі "куәлік" деген сөзден кейін "және талон" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші сөйлемдегі "куәліктер" деген сөзден кейін "мен талондар" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы "куәліктерін" деген сөз "куәліктері мен талондарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы "мәліметтерді" деген сөзден кейін   "Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2003 жылғы 16 қаңтардағы  N 22 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2137 болып тіркелген) талаптарына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын; 
Полная версия
ИС BestProfi