"Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063, "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың кейбір мәселелері туралы" 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1235 және 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1260 қаулыларын орындау үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 11.06.2015
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 631 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 5 желтоқсанда № 7324 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 11.06.2015 жылғы № 520 Бұйрығына сәйкес
Редакция 20.11.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу қағидаларын қолдану туралы нұсқаулық;
2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының тіркелген және тіркеу есебінен шыққан азаматтарын есепке алу ережесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және тіркеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 352 бұйрығының (2011 жылғы 1 маусымдағы № 74-75 "Заң газеті" газетінде № 6758 басылып шыққан Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (П.К. Нокин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми басылып шығуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокин) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 1 желтоқсаннан туындайтын құқықтық қатынастар қолданылады.
Қазақстан Республикасының Қ. Қасымов
Ішкі істер министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
___________ Е.Қазыханов
2011 жылғы "__"_________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
Полная версия