Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.03.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 267 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.03.2017 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 512-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде: 
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: 
"1.1. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Үкіметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған."; 
2-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын; 
3-тармақтағы "келісімдерді, басқа да" деген сөздер алынып тасталсын; 
4-тармақтағы "және пайдаланумен" деген сөздер ", пайдаланумен және көрсетумен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
5-тармақтағы "Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" және "оларға" деген сөздер тиісінше "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" және "оған" деген сөздермен ауыстырылсын; 
8-тармақтың екінші абзацы "шетелдік" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасының ізгілік көмек көрсетуіне және" деген сөздермен толықтырылсын; 
9-тармақтың екінші абзацы "халықаралық" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасына және шетелдік мемлекеттерге" деген сөздермен толықтырылсын; 
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын: 
"9.1. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады."; 
10-тармақтағы "құқығы бар" деген сөздердің алдынан ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
"ізгілік көмек көрсету туралы Үкімет кесімін әзірлеу жөнінде Үкіметке ұсыныстар енгізуге"; 
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Келімбетов                    - Қазақстан Республикасының 
Қайрат Нематұлы                 Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төраға
Лавриненко                    - Қазақстан Республикасының Көлік 
Юрий Иванович                   және коммуникациялар бірінші вице-министрі
Смағұлов                      - Қазақстан Республикасының 
Болат Советұлы                  Индустрия және сауда вице-министрі
Әшитов                        - Қазақстан Республикасының Еңбек 
Батыржан Зайырқанұлы            және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Ойнаров                       - Қазақстан Республикасының Қаржы 
Лариса Юн-Боевна                сақтау министрлігінің Фармация, фармацевтік және медициналық өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары
Евниев                        - Қазақстан Республикасының Ауыл 
Арман Қайратұлы                 шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаментінің директоры
Дүйсенбекова                  - Қазақстан Республикасының 
Гүлжан Зайроллақызы             Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі Әкімшілік-қаржы департаментінің директоры
Байшолақов                    - Қазақстан Республикасының Әділет 
Алмат Мұратұлы                  министрлігі Заңға тәуелді актілер департаментінің директоры;
Анатолий                        Денсаулық сақтау вице-министрі, төрағаның орынбасары"
Александрович
Рүстем Назымбекұлы              Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар департаментінің директоры"       

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
Анатолий Александрович          Денсаулық сақтау бірінші вице- 
Рүстем Назымбекұлы              Экономика және бюджеттік                                   жоспарлау министрлігі Халықаралық                                   экономикалық және қаржылық                                    қатынастар департаментінің                                   директоры, хатшы";
көрсетілген құрамнан Мұхаметжанов Бауыржан Әлімұлы, Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы, Жақыпов Қабиболла Қабенұлы, Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi