Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.03.2017
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.03.2017 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.10.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысының 4-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның   құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
29 желтоқсандағы
1880 қаулысымен
бекiтiлген
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы Ереже
1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысына сәйкес құрылады.
1.1. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы   халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Үкіметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған.
2. Комиссия құрамын, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, өзге орталық атқарушы және жергiлiктi органдарының, басқа да мекемелерi мен ұйымдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2002. № 72 қаулысымен, 03.03.2004. № 267 қаулысымен. (29.12.1995 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.03.2004. № 267 қаулысымен. (20.11.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Комиссия заң тәртiбiмен тiркелген, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен, пайдаланумен және көрсетумен айналысатын басқа ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс iстейдi.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.03.2004. № 267 қаулысымен. (20.11.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2002. № 72 қаулысымен, 03.03.2004. № 267 қаулысымен, 18.05.2007. № 390 қаулысымен. (29.12.1995 жылғы редакцияны қараңыз)
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (20.01.2014 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.10.2014 жылғы № 1162 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасын қоса бере отырып, Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
6. Комиссияның тапсыруы бойынша халықаралық ізгілік көмек берушімен дәрілік заттардың, жабдықтар мен медициналық бұйымдардың, медициналық ұйымдарға арналған жабдықтардың тізбесін шешу және келісіп алу құқығы Қазақстан Республикасында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне ғана беріледі.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.10.2014 жылғы № 1162 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды
 7-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 18.05.2007. № 390 қаулысымен. (27.03.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының ізгілік көмек көрсетуіне және   шетелдiк iзгiлiк көмектi тартуға, алуға және пайдалануға байланысты мәселелердi жедел шешу; 
iзгiлiк көмектiң пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.03.2004. № 267 қаулысымен. (20.11.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
9. Негiзгi мiндеттердi орындау мақсатында Комиссия мынадай қызметтердi орындайды: 
Қазақстан Республикасына және шетелдік мемлекеттерге   халықаралық iзгiлiк көмек көрсету жөнiндегi ұсыныстарды қарайды; 
адресаттары көрсетiлмей жiберiлген халықаралық iзгiлiк көмек   жүктерiн алушыларды айқындайды; 
алушылар арасында халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн бөлудiң   лимиттерiн белгiлейдi. 
халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушылардың осы жүктердi мақсатты пайдалануын бақылау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 
Үкiметке қажетiнше халықаралық iзгiлiк көмек iсiнiң жайы туралы   қорытындыланған мәлiметтердi, сондай-ақ өз өкiлеттiктерiн орындау   үшiн қажеттi басқа да ақпаратты берiп отырады.
9.1. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 03.03.2004. № 267 қаулысымен.
10. Комиссияның:
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.03.2004. № 267 қаулысымен. (20.11.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
iзгiлiк жүк жiберiлген ұйымдардан оның мақсатқа сай   пайдаланылғаны туралы ақпарат сұратуға; 
тексеру мақсатында iзгiлiк жүк сақталатын орындарға кедергiсiз кiруге; 
iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу мәселелерi бойынша ұсыныстар мен түсiнiктер беруге; 
лауазымды адамдардың iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы тиiстi орындарға ұсыныстар енгiзуге; 
ізгілік көмек көрсету туралы Үкімет кесімін әзірлеу жөнінде 
Үкіметке ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
11. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
Ереже 11-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
12. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Ереже 12-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
13. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
Ереже 13-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
1995 жылғы 29 желтоқсандағы
 № 1880 қаулысымен
 мақұлданған
Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.11.2002 жылғы № 1223, 03.03.2004 жылғы № 267, 04.07.2004 жылғы № 782,
13.07.2006 жылғы № 668, 27.03.2007 жылғы № 233, 18.05.2007 жылғы № 390, 28.10.2007 жылғы № 998, 18.09.2008 жылғы № 856, 25.09.2009 жылғы № 1449, 30.09.2010 жылғы № 1010, 02.07.2011 жылғы № 764, 19.04.2012 жылғ № 496 Қаулыларымен
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2002 жылғы(29.12.1995 жылғы редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.01.2014 жылғы № 10 Қаулысымен (19.04.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (20.01.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.10.2014 жылғы № 1162 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары, хатшы;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.
Полная версия
ИС BestProfi