Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.03.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 21 қаңтар N 72
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.03.2017 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
1. "Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы Ережеде: 
2-тармақтағы "мемлекеттік комитеттерінің" деген сөздер алынып тасталсын; 
5-тармақтағы "Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген сөздер "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; 
7-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің" деген сөздермен ауыстырылсын; 
Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін: 
Айдарханов Арман Тергеуұлы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, төрағаның орынбасары; 
Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, төрағаның орынбасары; 
Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі; 
Сармұрзина Раушан Ғайсақызы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару департаментінің директоры; 
Ержанов Аманияз Қасымұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының орынбасары; 
Шығанбаев Ерғали Әбдімомынұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Кеден режимдері мен кедендік ресімдеуді бақылауды ұйымдастыру бас басқармасының бастығы; 
Жұмабеков Болат Ахашбекұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Кедендік кірістер бас басқармасының бастығы; 
Кесікбаев Сұлтанғали Қабденұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаментінің директоры; 
Ким Афанасий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы департаментінің директоры, Астана қаласындағы өкілетті өкілі; 
Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрі; 
Зверьков Вадим Павлович - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі; 
Әбусейітов Қайрат Қуатұлы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі; 
Мұстафина Сабила Сапарқызы - Қазақстан Республикасының Министрі
Хатшылығының меңгерушісі - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Хатшылығының меңгерушісі;
көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын:
Дерновой А.Г., Велимухаметов М.М., Гамарник Г.Н., Мұхамеджанов Қ.С., Тоқсейітов Р.Қ., Шкляр В.В., Асқарова А.Б., Шалова С.А., Қасымова С.Б.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия
ИС BestProfi