Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 03.09.2015
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және дәйектілігін бақылау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 798 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 21.08.2015 жылғы № 657 Қаулысына сәйкес «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 18.03.2015 жылғы № 214 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындылары менсіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және дәйектілігін бақылау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 798 қаулысымен бекітілген
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және дәйектілігін бақылау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және дәйектілігін бақылау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығына, айқындығына және дәйектілігіне бақылау жүргізудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) айқындылық – парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу процесінің парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірулерін есептеу кезінде пайдаланылатын әдіснамасының ашықтығы;
2) базалық жыл – БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасының 3-бабы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау үшін белгіленген жыл;
3) толықтық – Қазақстан Республикасының аумағы шегінде барлық көздерден шығатын парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірулерін, сіңіргіштерді, парниктік газдарды мемлекеттік түгендеумен қамту.
3. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және дәйектілігін бақылауды (бұдан әрі – бақылау) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы (бұдан әрі – ұйым) жүргізеді.
2. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және дәйектілігін бақылау тәртібі
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) әрбір жылдың 1 мамырына дейін парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және дәйектілігін бақылау жөніндегі жұмыс кестесін бекітеді.
5. Есептеу тәртібін жоспарлау және ақпаратқа қажеттілікті анықтау, алынған деректер мен мәліметтерге талдау жүргізу, аралық және соңғы нәтижелерді бағалау кезеңдерін қоса алғанда, бағалау парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулеріне мемлекеттік түгендеу жүргізудің әр кезеңінде жүргізіледі.
6. Ұйым мына:
1) базалық жылдан бастап есепті кезеңге дейінгі барлық жылдар деректерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеумен қамтылуы;
2) негізгі көздер мен сіңіргіштердің барлығының парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеумен қамтылуы;
3) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу процесінде деректердің болмауының құжатпен бекітілуі өлшемдерін негізге ала отырып, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу шеңберінде есепке алу үшін алынған құжаттаманы толықтығы тұрғысынан қарайды.
7. Ұйым мына:
1) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу деректерін үшінші тұлғалар жасаған бағалаулармен салыстыру;
2) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу деректерін парниктік газдар шығарындыларының көлемін анықтайтын басқа әдістердің көмегімен алынған деректермен салыстыру;
3) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу деректерін басқа мемлекеттердің деректерімен салыстыру өлшемдерін негізге ала отырып, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу шегінде есепке алу үшін алынған құжаттаманы дәйектілігі тұрғысынан қарайды.
8. Ұйым мына:
1) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулеріне мемлекеттік түгендеу жүргізу үшін пайдаланылатын бекітілген әдістемелердің болуы;
2) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулеріне мемлекеттік түгендеу жүргізу үшін пайдаланылған әдістемелердің қолжетімділігі;
3) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу деректерінің ашықтығы өлшемдерін негізге ала отырып, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу шегінде есепке алу үшін алынған құжаттаманы айқындығы тұрғысынан қарайды.
9. Ұйым әрбір жылдың 30 қыркүйегіне дейін деректердің толықтығына және дәйектілігіне бақылау жүргізеді.
10. Алынған деректердің толық еместігі және дәйексіздігі анықталған жағдайда, ұйым тиісті ақпаратты қосымша жинауды және нақтылауды жүзеге асырады.
11. Ұйым әрбір жылдың 1 желтоқсанына дейін жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығы, айқындығы және дәйектілігі туралы қорытындыны дайындайды.
12. Қорытынды парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеуді дайындауға тікелей қатыспаған тәуелсіз сарапшылардың, бейінді ғылыми мекемелердің немесе өзге ұйымдардың қарауына жіберіледі.
13. Ұйым қорытындыны тәуелсіз сарапшылардың, бейінді ғылыми мекемелер мен өзге ұйымдардың лері мен ұсыныстарын ескере отырып пысықтайды және пысықталған қорытындыны келесі жылдың 15 ақпанына дейін уәкілетті органға жолдайды.
14. Тәуелсіз сарапшылардың, бейінді ғылыми мекемелер мен ұйымдардың лерімен және ұсыныстарымен келіспеген жағдайда, ұйым тиісті тұлғаларға тиісті ұсыныстар мен лерді ескермеу себептер үшін дәлелденген негіздемесін ұсынады.
Полная версия