Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.04.2016
Парниктік газдардың шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды тұтынуды түгендеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы»13 желтоқсандағы N 348-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 15 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5094 болып енгізілді.
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 27.04.2016 жылғы № 176 Бұйрығына сәйкес
«Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 15.04.2015 жылғы № 285 Бұйрығын қараңыз
Редакция 04.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабындағы 30-тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдардың шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды тұтынуды түгендеу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Қоршаған ортаны қорғау министрінің
 2007 жылғы»13 желтоқсандағы
 N 348-ө бұйрығымен бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды
 түгендеу ережесін бекіту туралы
Тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 25.05.2012 № 170-Ө (13.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
1. Парниктік газдар шығарындыларын және озон қабатын бұзатын  заттарды тұтынуды түгендеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген және парниктік газдар шығарындыларын және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды түгендеу тәртібін анықтайды.
2. Парниктік газдардың шығарындыларын және озонды бұзатын  заттарды түгендеудің негізгі мақсаттары болып мыналар табылады: 
парниктік газдар шығарындыларының және озонды бұзатын заттардың атмосфералық ауаға әсер ету дәрежесін бағалау және парниктік газдардың атмосфераға шығарындыларының кәсіпорын бойынша тұтастай да, жеке көздер бойынша да жол берілетін шекті нормативтерін белгілеу үшін бастапқы деректерді алу; 
парниктік газдар шығарындыларының және озонды бұзатын заттардың сандық және сапалы сипаттамаларын анықтау; 
кәсіпорында шикізат ресурстарын және пайдаланудың және қалдықтарды кәдеге жаратудың тиімділігін бағалау; 
атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау.
3. Парниктік газдардың атмосфераға шығарындыларының және озонды бұзатын заттарды тұтыну көздері бар заңды тұлғалар жыл сайын парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу жүргізеді және оны есептілік жылдан кейінгі жылғы 1 сәуірден кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 25.05.2012 № 170-Ө (13.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
2. Парниктік газдар шығарындыларына түгендеу жүргізу тәртібі 
4. Парниктік газдар шығарындыларына түгендеу жүргізген кезде парниктік газдар шығарындыларының көздерін зерттеу жүргізіледі және парниктік газдардың түрлері мен саны анықталады.
5. Парниктік газдар шығарындыларына жүргізілген түгендеудің нәтижелері бойынша табиғат пайдаланушылар парниктік газдарды түгендеу туралы есепті «Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11818 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
5-тармақ жаңа редакцияда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 25.05.2012 № 170-Ө (13.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 04.12.2015 жылғы № 692 Бұйрығына сәйкес (25.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
6. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 25.05.2012 № 170-Ө бұйрығымен (13.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. Озонды бұзатын заттарға түгендеу жүргізу тәртібі
Тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 25.05.2012 № 170-Ө (13.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
7. Түгендеу жүргізген кезде құрамында озон қабатын бұзатын заттар (бұдан әрі - ОҚБЗ) бар өнім зерттеледі, ОҚБЗ түрлері мен саны анықталады.
8. ОҚБЗ тұтынуға жүргізілген түгендеудің нәтижелері бойынша  2-қосымшаға сәйкес озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуға түгендеу паспорты толтырылады.
9. Паспорт озонды бұзатын заттарды таза күйінде және құрамында олар бар өнімді тұтынудың жыл сайынғы айналымына жасалады.
10. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды түгендеу паспорты мынадай ережелерді қамтуы тиіс: 
2) кімнің меншігінде/иелігінде ОБЗ болатын табиғат пайдаланушы ұйымның атауы; 
3) ОБЗ түгендеу паспортын жасаған және бекіткен тұлғалардың аты-жөні және лауазымдары; 
4) ұйымның әкімшілік бірліктерге қалай орналасуы; 
6) құрамында ОБЗ бар өнімді әкелу/шығару туралы деректер; 
7) қызметтің түрлері бойынша тұтынылған ОБЗ саны; 
8) объект туралы деректер көздері. Паспортта ұсынылған деректер алынған құжат(тар)дың атауы, күні, авторлары көрсетілсін.
Парниктік газдардың шығарындыларын
 және озонды бұзатын заттарды тұтынуды
 түгендеу ережесіне 1-қосымша
Парниктік газдарды түгендеу паспорты Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1 қосымша алынып тасталды ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 25.05.2012 № 170-Ө бұйрығымен (13.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
Парниктік газдардың шығарындыларын
 және озонды бұзатын заттарды тұтынуды
 түгендеу ережесіне 2-қосымша
Озонды бұзатын заттарды тұтынуды түгендеу паспорты 
Тіркеу нөмірі_____________________________ 
              (уәкілетті орган толтырады)
Орындаушы(лар)  ___________________________  _______________  
Ұйымның басшысы ___________________________  _______________  
1. Әкімшілік орналасу (ұйым) (облыс, аудан, қала, кент)
2. ОБЗ әкелу (немесе сатып алу)/шығару (немесе сату)
 
р/с ОБЗ атауы (хим. заттың атауы және хим. формула) Шығарушы ел және өнім беруші фирма (импорт кезінде) Саны, кг ҚР бойынша өнім беруші фирма (сатып алу кезінде)
1 2 3 4 5
3. Құрамында ОБЗ бар өнімді әкелу/шығару
 
р/сN Өнімнің атауы Шығарушы ел және өнім беруші фирма Саны, кг ҚР бойынша өнім беруші фирма
1 2 3 4 5
4. Қызметтің түрлері бойынша тұтынылған озонды бұзатын заттардың саны
 
Қызметтің түрі Тұтынылған ОБЗ саны, кг Ел және өнім беруші фирма Экспорттал-
ған немесе
сатылған ОБЗ саны
Ел және ҚР бойынша өнім беруші фирма
6 7 8 9 10
8. Объект туралы деректер көздерінің тізбесі (Паспортта ұсынылған деректер алынған құжат(тар)дың атауы, күні, авторлары көрсетілсін).
Полная версия
ИС BestProfi