Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
"Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 218 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн  қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 71-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ  құбыржолдары және (немесе) газ таратушы жүйелерi арқылы тасымалдау,  топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикi газды  жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау саласында:
1) тауарлық газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау;
2) тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдау;
3) тауарлық газды Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшiн газ таратушы жүйелерi арқылы тасымалдау;
4) сұйытылған газды топтық резервуарлық қондырғыдан тұтынушыны қосатын кранға дейін газ құбыржолдары арқылы тасымалдау;
6) шикi газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi