Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес
«Табиғи монополиялар субектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014 жылғы № 186 Бұйрығын қараңыз
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 4-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.03.2009 жылғы № 237 Қаулысымен (26.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2009 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) "Мемлекет реттейтiн баға қолданылатын әуежайлар қызметтерiнiң номенклатурасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1348 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 49, 562-құжат);
2) "Мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялар қызметтерiн ұсынумен технологиялық байланысты қызметтердiң номенклатурасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қазандағы N 1064 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 38, 503-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 және 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1348 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 26 қаңтардағы N 63 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 4, 34-құжат).
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесi
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.09.2007 жылғы № 854 Қаулысымен (13.10.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.05.2008 жылғы № 458 Қаулысымен (28.09.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. Тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбыржолдары және (немесе) газ таратушы жүйелерi арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикi газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау саласында:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.03.2013 жылғы № 218 Қаулысымен (26.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
5-1. Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру саласында:
Тізбе 5-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 03.03.2009 жылғы № 237 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2009 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-1. Концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдар қызметін көрсету саласында:
Тізбе 6-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 26.12.2008 жылғы № 1281 Қаулыcына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2009 жылы „Ресми газет„ газетінде жарияланды
6-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.08.2014 жылғы № 869 Қаулысымен (11.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.09.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда маневр жұмыстары, тиеу-түсiру, тасымалдау процесiнiң басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн кiрме жолды беру.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.02.2011 жылғы № 153 Қаулыcымен (03.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
1) халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету;
2) халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.02.2011 жылғы № 153 Қаулыcымен (03.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру;
10. Қызметтің осы түрлерін ұсынудың технологиялық мүмкін болмауы не экономикалық орынсыздығы себебінен бәсекелес байланыс операторы болмауы шартымен телекоммуникациялар саласында:
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.08.2011 жылғы № 966 Қаулысымен (18.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.02.2013 жылғы № 182 Қаулысымен (26.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
1) жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желiсiне IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдықтарын (қолжетімділік тораптарын) қалааралық деңгейде қосу;
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.11.2013 жылғы № 1201 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
11. Телекоммуникация желiлерiн жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желiсiне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбiлдiк кәрiздер мен өзге де негiзгi құралдарды мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi салада:
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.03.2009 жылғы № 237 Қаулысымен (26.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2009 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) гидротехникалық сүйеу құрылыстарының көмегiмен жер үстіндегі ағынды суды реттеу;
12-тармақ 4-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 05.08.2014 жылғы № 869 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.09.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды