Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 Қаулысы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 23 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5348 болып енгізілді.
Редакция 01.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 63) тармақшасына, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 1) және 3-4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 жылғы № 81 Қаулысына сәйкес (22.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары бекітілсін. 
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 
4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.): 
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін. 
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларға және арнайы қаржы компанияларына жіберсін. 
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2008 жылғы 22 қыркүйектегі
N 79 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының күші жойылды деп танылатын қаулыларының ТІЗБЕСІ
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 324 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 30 қыркүйекте N 2509 тіркелген). 
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 324 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 27 қаңтардағы N 3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 1 наурызда N 4109 тіркелген). 
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 324 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 109 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 21 қарашада N 4461 тіркелген). 
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 324 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 20 шілдедегі N 85 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 27 тамызда N 4896 тіркелген).
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2008 жылғы 22 қыркүйектегі
N 79 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары
Полная версия
ИС BestProfi