Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
Азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 676 Қаулысы
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.12.2012 № 1767 (20.06.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес
«Азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 188 Бұйрығын қараңыз
Редакция 29.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 50) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдарға қойылатын талаптар бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.12.2012 № 1767 (20.06.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 20 маусымдағы
 № 676 қаулысымен
 бекітілген
Азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдарға қойылатын талаптар
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.12.2012 № 1767 (20.06.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
1. Осы азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдарға қойылатын талаптар (бұдан әрi – талаптар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдарға қойылатын талаптарды айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.12.2012 № 1767 (20.06.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
2. Жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйым (бұдан әрі - ЖЖМҚҰ) өз қызметін дербес заңды тұлға ретінде немесе азаматтық авиация ұйымының құрамында жүзеге асырады.
1) әуежайдың қоймаларына жанар-жағармай материалдарын және арнайы сұйықтықтарды (бұдан әрі - ЖЖМ) қабылдауды;
3) ЖЖМ-ді құюға дайындауды және беруді;
4) ЖЖМ-ді азаматтық әуе кемелеріне құюды жүзеге асырады. ЖЖМҚҰ көрсетілген жұмыстардың барлық кешенін де, олардың бір бөлігін де жүзеге асырады. ЖЖМҚҰ көрсетілген жұмыстардың бір бөлігін жүзеге асырған жағдайда, ЖЖМҚҰ азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі сертификаты (бұдан әрі - сертификат) бар ұйымдарды тартады.
ЖЖМҚҰ көрсетiлген жұмыстардың бiр бөлiгiн жүзеге асырған жағдайда, онда ЖЖМҚҰ осы талаптарға сәйкес келетін ұйымдарды тартады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2012 № 1767 Қаулысымен (20.06.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
1) ЖЖМ-ді беру процесінде оның сапа көрсеткіштерінің өзгергенін анықтау және қолдануға дайындау мақсатында, сондай-ақ әуе кемелеріне құюға ЖЖМ-нің жарамдылығын бағалау мақсатында азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етудің тиісті кезеңдерінде ЖЖМ-нің сапасына бақылау жүргізілуін ұйымдастыруды;
Полная версия
ИС BestProfi