«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 және 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 қаулыларына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 977 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте:
6, 7, 8-тармақтардағы «Еуро-2 экологиялық кезеңінде», «Еуро-3 экологиялық кезеңінде», «Еуро-4 экологиялық кезеңінде» деген сөздер тиісінше «2-экологиялық кезеңде», «3-экологиялық кезеңде», «4-экологиялық кезеңде» деген сөздермен, 14 және 15-тармақтардағы «Еуро-2 экологиялық кезеңі», «Еуро-3 экологиялық кезеңі», «Еуро-4 экологиялық кезеңі» деген сөздер тиісінше «2-экологиялық кезең», «3-экологиялық кезең», «4-экологиялық кезең» деген сөздермен, 16-тармақтағы «Еуро-2 экологиялық кезеңінің» деген сөздер «2-экологиялық кезеңнің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
«17. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, бұрын пайдаланылған автокөлік құралдарының 3-экологиялық кезеңнің талаптарына сәйкестігін растау Техникалық регламентке 5-қосымша ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
тақырыбындағы «Еуро-2 экологиялық кезеңі» деген сөздер «2-экологиялық кезең» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Олардың шығарылу жылына байланысты Еуро-2 талаптарына сәйкестігі» деген бағандағы «Еуро-2» деген сөз «2-экологиялық кезеңнің» деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес Техникалық регламентке 5-қосымшамен толықтырылсын;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
күшін жойды ҚР Үкiметiнiң 30.07.2012 № 1004 Қаулысымен (30.06.2011 жылғы редакцияны қараңыз)(31.12.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс 1-тармаққа өзгеріс енгізілді ҚР Үкiметiнiң 30.07.2012 № 1004 Қаулысымен.(31.12.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының төртінші, бесінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.06.2011 № 737 Қаулысымен. (27.12.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 977 қаулысымен бекітілген
Техникалық регламентке 5-қосымша
Автокөлік құралдары мен іштен жану қозғалтқыштарының шығарылу жылына қарай 3-экологиялық кезең бойынша техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік кестесі
Автокөлік құралдарының және (немесе) олардың қозғалтқыштарының шығарылған елі | 3-экологиялық кезеңнің талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарының шығарылған жылы |
Еуропалық Одаққа кіретін,* бензин қозғалтқыштары | 2001 жылдан бастап және одан кейінгі |
Еуропалық Одаққа кіретін,* дизельдер | 2002 жылдан бастап және одан кейінгі |
АҚШ | 2001 жылдан бастап және одан кейінгі |
Жапония | 2005 жылдан бастап және одан кейінгі |
Канада | 2004 жылдан бастап және одан кейінгі |
Үндістан | 2010 жылдан бастап және одан кейінгі |
Қытай | 2008 жылдан бастап және одан кейінгі |
Корея | 2003 жылдан бастап және одан кейінгі |
Ескертпе:
* Еуропалық Одаққа: Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция және Эстония кіреді;
осы қосымшаны сәйкестікті растау рәсімін өткізу кезінде сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдар қолданады.
Полная версия