1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Достық Энерго" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын және оның қызметінің негізгі мәні қазақстандық кәсіпорындардың электр энергетикасы саласындағы берешегін реттеу және өтеу болып белгіленсін.
Электр энергетикасы саласындағы берешекті өтеудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 тамыздағы N 680 Қаулысы
Редакция 14.04.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Шет мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру және олардың заң тұлғалары алдындағы электр энергетикасы саласындағы берешекті өтеуге жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген 1849826000 (бір миллиард сегіз жүз қырық тоғыз миллион сегіз жүз жиырма алты мың) теңге шегінде Қоғамның орналастырылатын акцияларына ақы төлеу жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне қазақстандық кәсіпорындардың электр энергетикасы саласындағы берешегін реттеу және өтеу жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге 2007 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 25000000 (жиырма бес миллион) теңге бөлінсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қоғамның жарғысын бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулының 2-тармағында көзделген қаражаттан акцияларға ақы төлеу жолымен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды;
3) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне беруді;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 14.04.2010 № 302 Қаулысымен. (03.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесінде:
"Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-107-жолмен толықтырылсын:
"123-107 "Достық Энерго" АҚ";
3) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-5-жолмен толықтырылсын:
"20-5 "Достық Энерго" АҚ".
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.04.2008 № 317 Қаулысымен. (08.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия