Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
Жолаушыларды, багажды және жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1522 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
«Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.04.2015 жылғы № 540 Бұйрығын қараңыз
Редакция 15.02.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 76-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жолаушыларды, багажды және жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау қағидалары бекiтілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 13 желтоқсандағы
 № 1522 қаулысымен
 бекітілген
Жолаушыларды, багажды және жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау қағидалары
1. Осы Жолаушыларды, багажды және жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 76-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген, әуе көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау тәртібін айқындайды және жолаушыларды, багажды және жүктердi әуеде тасымалдаудың, оларға қатысты қызмет көрсетудi қоса алғанда, технологиялық процестерiнің барлығына қолданылады.
2. Халықаралық тасымалдарды орындау кезiнде осы Қағидалар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, сондай-ақ аумағына, аумағынан немесе аумағы арқылы осындай тасымалдар жүзеге асырылатын елдiң заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.02.2013 № 137 қаулысымен (13.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1) авиакомпания – азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;
2) агент – авиакомпанияны бiлдiретiн, осы авиакомпанияның әуе кемесiнiң, экипаждың, жолаушылардың, багаждың, жүктiң, поштаның және борттық қорлардың келуiне, жөнелтiлуiне және ресiмделуiне байланысты барлық рәсiмдердi орындау кезінде ол тiкелей уәкілеттік берген немесе оның атынан әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға;
3) багажды (PIR – Property Irregularity Report), жүктi (CIR – Cargo Irregularity Report) тасымалдау кезiндегi ақаулар туралы акт – бiр немесе бiрнеше авиакомпанияның әуе кемелерiмен тасымалданған багажға (жүкке) келтiрілген зиян белгiлi болғанда авиакомпания тез арада жолаушының (алушының) қатысуымен ресiмдейтiн, авиакомпания мен жолаушы (алушы) қол қоятын құжат;
4) әуежай – әуе кемелерiн қабылдау мен жөнелтуге, әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған және осындай мақсаттар үшiн әуеайлақ, аэровокзал, басқа да қажеттi ғимараттары мен жабдықтары бар құрылыстар кешенi;
5) межелi әуежай (пункт) – әуе тасымалы шартына сәйкес жолаушы, багаж немесе жүк жеткiзiлетiн әуежай (пункт);
6) жөнелту әуежайы (пунктi) – әуе тасымалы шартына сәйкес жолаушыларды, багажды немесе жүктi тасымалдау басталатын әуежай (пункт);
7) трансфер әуежайы (пунктi) – әуе тасымалы шартына сәйкес жолаушы ұшақты ауыстыратын немесе жүктi тасымалдау бағыты бойынша әрi қарай бет алу үшiн бiр рейстен басқасына жүкті тиеуді жүзеге асыратын, билетте немесе жүкқұжатта көрсетiлген әуежай (пункт);
Полная версия
ИС BestProfi