«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Внимание! Документ утратил силу с 18.12.2015
"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 492 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 983 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 30 желтоқсанда № 6713 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 18.12.2015 жылғы № 975 Бұйрығына сәйкес
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 492 (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізімінде № 6380 тіркелген 2010 жылы 19 тамызда № 219 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақтағы «мамандандырылған» деген сөзден кейін «, жоғары мамандандырылған» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғары мамандандырылған көмек (бұдан әрі - ЖММК) стационарлық және стационарды алмастыратын, сондай-ақ консультациялық-диагностикалық нысанда көмек түрінде республикалық деңгейде көрсетіледі.»;
10-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Стационардың маманы белгілеген жоспарлы емдеуге жатқызу күні осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйым пациентке берілетін Жоспарлы емдеуге жатқызу талонына автоматты түрде енгізіледі.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Күн сайын сағат 12.00-де, 15.00-де және 17.30-да амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның мамандары медициналық ұйымдарда ЖММК және біліктілікті, мамандандырылған медициналық-әлеуметтік көмек көрсету үшін, нысан бойынша Күту парағын осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес қарап шығады және стационар белгілеген жоспарланған емдеуге жатқызу күнін бақылайды.»;
12-тармақта «жолдама,» деген сөздің алдынан «білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік және медициналық мекмелерде ЖММК көрсету үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Егер пациент білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік және медициналық мекемелерде ЖММК көрсету үшін медициналық ұйымды бастапқы таңдаудан бас тартса, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы пациентке бос төсектері бар басқа медициналық ұйымды таңдауды ұсынады немесе барынша ерте емделуге жатқызу мүмкіндігін қарастырады.
Пациент медициналық мекемелерде ЖММК көрсету үшін медициналық ұйымды бастапқы таңдаудан бас тартқан жағдайда амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы пациентке бос төсектері бар болса басқа медициналық ұйымды таңдауды ұсынады немесе барынша ерте емделуге жатқызу мүмкіндігін қарастырады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Егер пациент білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік және медициналық мекемелерде ЖММК көрсету үшін медициналық ұйымды бастапқы таңдауды өзгертсе, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы бос төсектерді есепке алу парағындағы өзекті деректерді талдауды ескере отырып пациенттің нақты таңдауына сәйкес келетін медициналық ұйымның атауын енгізеді.
Егер пациент білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік және өңірлік медициналық ұйымдарда ЖММК көрсету үшін медициналық ұйымды бастапқы таңдауды өзгертсе, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы бос төсектерді есепке алу парағындағы өзекті деректерді талдауды ескере отырып пациенттің нақты таңдауына сәйкес келетін медициналық ұйымның атауын енгізеді.»;
мынадай мазмұндағы 18-1, 18-2, 18-3, 18-4, 18-5, 18-6, 18-7, 18-8, 18-9, 18-10, 18-11, 18-12, 18-13-тармақтармен толықтырылсын:
«18-1. Осы Нұсқаулықтың 18-2-тармағына сәйкес ЖММК көрсететін медициналық мекемелерде ЖММК көрсету үшін жоспарлы емдеуге ТМККК шеңберінде медициналық ұйымды еркін таңдауға пациенттің құқықтарын және емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған санын ескере отырып жүзеге асырылады.
Полная версия