1. Қоса берілген Медицина және фармацевтика мамандықтары номенклатурасы бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 04.07.2008
Медицина және фармацевтика мамандықтары номенклатурасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсалық сақтау министрінің 2007 жылғы 12 ақпандағы N 97 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 1 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4556 болып енгізілді.
Күші жойылды ҚР Десаулық сақтау министрінің 04.07.2008 № 392 Бұйрығымен. (12.02.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін және денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлер мамандықтарын есепке алу, даярлау, реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
2. "Дәрігерлік лауазымдар мен мамандықтардың номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 19 маусымдағы N 458 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2391 тіркелген) және "Денсаулық сақтау кадрларына жатқызылған медицина, фармацевтика, ғылыми, ғылыми-педагогика, педагогика, инженерлік-техника қызметкерлерінің лауазымдары мен мамандықтарының тізбесін бекіту туралы" 2003 жылғы 20 маусымдағы N 463 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2404 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 10 қаңтардағы N 9 (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3420 тіркелген, 2005 жылы N 9-13, 29 бабы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтар актілер бюллетенінде жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Білім, ғылым және кадр ресурстары департаменті (Н.Қ.Хамзина) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
4. Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Ж.М.Мұхамеджанов) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т.Омаровқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы»12»ақпандағы N 97 бұйрығымен бекітілген
Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасы
Жоғары білімді медицина қызметкерлерінің мамандықтары
1.1. Терапиялық бейін
1. Терапия (жасөспірімдер терапиясы)
2. Жалпы дәрігерлік практика/Отбасылық медицина
3. Кардиология
4. Ревматология
5. Аллергология және иммунология
6. Гастроэнтерология
7. Гематология
Полная версия