Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.12.2009
Мемлекеттiк қала құрылысының кадастры туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 6 шiлде N 931
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 11.12.2009 № 2082 Қаулысымен (28.03.2001 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
"Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 22 қазандағы Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, N 19, 451-бап) сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
1. Осыған қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын (бұдан әрi - Кадастр) құру және жүргiзу Тәртiбi бекiтiлсiн. 
2. Кадастрдi құру 2003 жылға дейiнгi мерзiмде кезең-кезеңiмен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.  
2 тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.03.2001. № 397
3. 1995-1997 жылдар мерзiмiндегi алғашқы кезеңде Кадастрды құру және жүргiзудiң әдiстемесiн тәжiрибеден өткiзуге арналған қалалардың, аудандар мен облыстардың тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 
Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң қатысуымен осы қаулының қосымшасында көрсетiлген қалалардың, аудандардың және аумақтары бойынша Кадастрды жүргiзудiң тиiстi қызметiн құруды және ұстауды қамтамасыз етсiн, сондай-ақ бұл қызметтердi, бөлiнуi осы қаулының 5-шi тармағында көзделген құралдардан басқа, лайықты өндiрiс алаңдарымен және материалдық-техникалық құралдарымен қамтамасыз етсiн. 
Кадастр деректерiнiң банкi бекiтiлген сәулет-қала құрылысы құжаттамалары мен картографиялық материалдардан, инженерлiк-геологиялық, статистикалық және экологиялық деректерден, министрлiктер мен ведомстволардың, техникалық түгендеу бюроларының, басқа кәсiпорындар мен ұйымдардың тиiстi мәлiметтерiнен алынған ақпараттар негiзiнде құралып, қалыптасатын болып белгiленсiн. 
4. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесе отырып: 
Кадастрды құру және жүргiзу жөнiндегi жұмыстардың республиканың басқа кадастрлық жүйелерiмен өзара iс-қимыл жасай отырып үйлестiрiлуiн қамтамасыз етсiн; 
1997 жылдың аяғына дейiн бiрiншi кезеңдегi Кадастрды құрудың және жүргiзудiң әдiстемесiн қолданудың нәтижелерiн жинақтасын және оны Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында құруға және жүргiзу кезiнде алынған тәжiрибенi пайдалану үшiн қажеттi шешiмдi әзiрлесiн; 
Кадастрды құруды және жүргiзудi реттеу мәселелерiне қатысты қолданылып жүрген заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныс әзiрлеп, оны қажет болған жағдайда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзетiн болсын. 
5. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен, тиiстi облыстардың және Алматы қаласы әкiмдерiмен бiрлесiп Кадастрды құрудың және жүргiзудiң алғашқы кезеңi мерзiмiнде: 
нормативтiк-әдiстемелiк негiздi жасау мен қалыптастыру, барлық деңгейдегi Кадастрды құрудың және жүргiзудiң техникалық жобаларын жасау жөнiнде шаралар қолдансын; 
Кадастрды жүргiзудiң техникалық және бағдарламалық құралдарын таңдап, сатып алуды жүзеге асырсын және осы құралдармен тиiстi кадастрлық қызметтердi қамтамасыз етсiн; 
Россия Федерациясының тиiстi ведомстволарының келiсімi бойынша қала құрылысы кадастрларын интеграциялау саласында бiрлесе жұмыс жүргiзудi көздесiн. 
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң негiзделген өтiнiмдерi бойынша 1996 жылдан бастап жалпы республикалық маңызы бар жобалау жұмыстары мен Министрлiктi ұстауға жұмсалатын шығындардың құрамында аталған мақсатқа жыл сайын қажеттi қаражат бөлудi қарастырсын. 
6. Облыстардың әкiмдерi Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiмен бiрлесiп 1995-1997 жылдар мерзiмiнде осы қаулының қосымшасына енбеген қалалардың, аудандар мен облыстардың аумақтары бойынша Кадастр құруға және жүргiзуге дайындалу жөнiнде шаралар кешенiн жүзеге асырсын, соның iшiнде: 
облыс орталықтары мен iрi елдi мекендер аумақтары бойынша масштабы 1:500, 1:1000, 1:2000 картографиялық материалы бар үйлер мен ғимараттарға түгендеу жүргiзсiн және қажет болған жағдайда Кадастрды жүргiзу үшiн талап етiлетiн мөлшерде жетпейтiн топографиялық түсiрiлiмдердi жасау жөнiнде шаралар қолдансын; 
объектiлердiң техникалық сипаттамасын мен олардың құндылық (бағалық) дәрежесiн белгiлесiн; 
Полная версия
ИС BestProfi