Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 ақпандағы № 87 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес
«Темiр жол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.04.2015 жылғы № 544 Бұйрығын қараңыз
Редакция 12.11.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 22-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2013 жылғы 5 ақпандағы
 № 87 қаулысымен
 бекітілген
Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидалары
1. Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және темір жол көлігін пайдалану, оның ішінде магистралдық инфрақұрылым объектілерін, құрылыстарды, жылжымалы құрамды және арнайы жылжымалы құрамды жөндеу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) автоматты локомотив сигнализациясы сигнализация мен байланыстың дербес құралы ретінде - аралықтағы поездар қозғалысы кезінде локомотив бағдаршамдарының сигналдары бойынша жүзеге асырылатын, ал бөлектенген пункттер блок-учаскелердің белгіленген шекаралары болып табылатын жүйе;
2) аз әрекетті учаскелер – жолаушылар және жүк поездарының (қосындысында) кесте бойынша қозғалыс мөлшері тәулігіне 8 жұптан артық болмайтын учаскелер;
3) алынбалы-салынбалы жылжымалы бірліктер – жолға қызмет көрсететін жұмысшылардың қолымен шешілетін алынбалы-салынбалы дрезиналар, жөндеу мұнаралары, жол вагондары, жол өлшеуіш, дефектоскоптық арбалары;
4) аралық байланыс – теміржол станцияларының кезекшілерімен жұмыс жасап жатқан және аралықта жүрген қызметкерлер арасындағы қызметтік келіссөздер жүргізуге арналған байланыс;
5) аралық - темір жол желісінің шектес станциялармен, разъездермен, озу пункттерімен немесе жол қосындарымен шектелген бөлігі;
6) арнайы жылжымалы құрам (бұдан әрі – АЖҚ) - магистральдық темір жол желісін және кірме жолдарды күтіп ұстау, оларға қызмет көрсету, қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін темір жол көлігі құралдары;
7) арнайы жылжымалы құрамның бригадасы (бұдан әрі – АЖҚ бригадасы) - АЖҚ басқару және оған қызмет көрсету үшін тағайындалатын қызметкерлер. АЖҚ басқару үшін бригада - машинист және машинистің көмекшісі немесе дрезинаның жүргізушісі және жүргізушінің көмекшісі (тиісті машинаны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес) тағайындалады;
8) ауа аралығы (оқшаулағыш түйіндесу) - түйіспе желісінің шектес учаскелерінің электр оқшауламасымен түйіндесуі (ток айырық);
Полная версия
ИС BestProfi