Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Темiр жол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 тамызда № 11897 тіркелді
Редакция 16.02.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
"КЕЛІСІЛГЕН" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _____________ Е. Досаев 2015 жылғы 8 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі _____________ Қ. Қасымов 2015 жылғы 27 маусым
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығымен бекiтiлген
Темiр жол көлiгiн техникалық пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Темір жол көлiгiн техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Темiр жол көлiгi туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағы 34-12) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және темiр жол көлiгiн техникалық пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылады:
1) автоматты локомотивтік сигнализация - аралықтағы поездар қозғалысы кезiнде локомотив бағдаршамдарының сигналдары бойынша жүзеге асырылатын, ал бөлектенген пункттер блок-учаскелердiң белгiленген шекаралары болып табылатын жүйе;
Полная версия