Темiр жол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 тамызда № 11897 тіркелді
«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 16.05.2025 жылғы № 154 Бұйрығына сәйкес (27.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
1. Темір жол көлiгiн техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Темiр жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-12) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және темiр жол көлiгiн техникалық пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 16.05.2025 жылғы № 154 Бұйрығына сәйкес (27.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) автоматты локомотивтік сигнализация - аралықтағы поездар қозғалысы кезiнде локомотив бағдаршамдарының сигналдары бойынша жүзеге асырылатын, ал бөлектенген пункттер блок-учаскелердiң белгiленген шекаралары болып табылатын жүйе;