«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 27) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
Шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1348 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес «Шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 27.01.2015 жылғы № 39 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1348 қаулысымен бекітілген
Шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 4-бабының 27) тармақшасына сәйкес әзірленді және табиғи қатты отынмен жұмыс істейтін электр станцияларының, өнеркәсіптік және жылыту қазандықтарының отын беру жабдықтарын, шаң дайындау қондырғыларын пайдаланудың жарылыс қауіпсіздігі жағдайын қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) энергетикалық кәсіпорын жабдығын авариялық ажырату - жабдықтың бұзылуы немесе жұмыс параметрлерінен асып кетуінен қорғануын ажырату себепті ажыратылуына байланысты жабдықтың электрмен жабдықталуын ішінара немесе толық тоқтату;
2) газбен кептіру - отынды қазандықтың от жанатын майынан немесе газ жолдарынан алынатын түтінді газбен кептіру, бұл кезде шаң дайындау қондырғысынан шаң-газ қоспасындағы көлемді оттегі концентрациясы (су буының құрамын есепке алмай-ақ) 16 %-дан аспайды;
3) отын беру жабдығы - табиғи отынды шаң әзірлеуші қондырғыға тасымалдауға арналған жабдық;
4) тоқтатым - энергия қондырғыларын немесе жабдықтарын жоспарлы немесе жоспардан тыс істен шығару;
5) шаң тәріздес отын - кептірілген, ұсақталған табиғи қатты отын;
6) шаң дайындау қондырғысы - кесек табиғи қатты отын кептірілетін және ұсақталатын жабдық;
7) отынды жою - бункерден отынды немесе шаңды оны қазандықта жағу арқылы жою;
8) транзиттік құбыр жолдары мен электр кәбілдері - осы үй-жайда орнатылған технологиялық жабдыққа жүргізілмейтін құбыр жолдары мен электр кәбілдері.
3. Отын беру жабдықтары, шаң дайындау қондырғылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Электр қондырғыларын орнату қағидаларының талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Полная версия