Еттің жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 269 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.04.2015 жылғы № 213 Қаулысына сәйкес
«Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1189 Қаулысымен (24.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) Қазақстан Республикасына еттiң кейбір түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1189 Қаулысымен (24.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағына қатысушы елдермен еркін сауда туралы келісім жасалмаған, не тауарға қатысты еркін сауда режимінен алып қою қолданылатын елдерден шығатын және әкелінген етті Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін 2011 жылға арналған тарифтік квоталардың көлемдері;
1) «Еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 70-құжат);
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бір апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
Қазақстан Республикасына еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1189 Қаулысымен (24.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Қазақстан Республикасына еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және тарифтiк квоталар көлемдерiн сыртқы сауда қызметiн реттеу құралы ретiнде бөлудiң тәртiбi мен әдiсiн айқындайды.