1. "Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 2 наурыздағы N 197 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Внимание! Документ утратил силу с 20.05.2010
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 2 наурыздағы N 197 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 тамыздағы N 790 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 20.05.2010 № 453 Қаулысымен. (21.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Школьник - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич және сауда министрi, төраға
Мұхамбетов - Қазақстан Республикасы Индустрия және Ғабит Мұхамбетұлы сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң төрағасы, төрағаның орынбасары
Нұршабеков - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Ризат Рахатбекұлы және байланыс агенттiгi төрағасының орынбасары
Белоног - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Анатолий Александрович министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң төрағасы
Өмiрбаев - Қазақстан Республикасы Көлiк және Нұрланбек Балықбайұлы коммуникация министрлiгiнiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетi төрағасының орынбасары
Исаев - Қазақстан Республикасы Энергетика және Мұсабек минералдық ресурстар министрлiгi Мұнай өнеркәсiбi департаментiнiң директоры
Қуанышбаева - Қазақстан Республикасы Мәдениет және Роза Сақтағанқызы ақпарат министрлiгi Әкiмшiлiк-құқықтық жұмыс департаментiнiң директоры көрсетiлген құрамнан Mыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы, Құсайынов Әбiлғазы Қалиақпарұлы, Жұмағалиев Асқар Куанышұлы, Байсеркин Бауыржан Сәтжанұлы, Ермұханов Әдiлша Мағрыпұлы, Боярина Людмила Васильевна, Пирогов Алексей Георгиевич шығарылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
7-тармақта "жүзеге асырады" деген сөздерден кейiн "және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке дербес жауап бередi, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асырады" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Хатшы Комиссияның мүшесi болып табылмайды.";
10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Комиссия отырыстарының өткiзiлу нәтижелерi бойынша барлық мүшелерi мiндеттi түрде қол қоятын хаттама жасалады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия