Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.06.2015
Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 396 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 18 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 05.06.2015 жылғы № 410 Қаулысына сәйкес
"Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңының 16-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2012 жылғы 30 наурыздағы
 № 396 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және құрамында Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне (бұдан әрі – Тізім) енгізілген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды медициналық мақсатта пайдалану тәртібін айқындайды.
Есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсатта пайдалану деп құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды тағайындау, пайдалану, жазып беру, босату, сақтау, бөлу, есепке алу, жою түсініледі.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) науқастың медициналық құжаттары – сырқатнамасы, амбулаториялық картасы, консультациялық қарау жазба парағы;
2) арнайы рецептілік бланк – құрамында Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарға рецепт жазып беруге арналған белгіленген нысандағы бланк;
3) сигнатура – құрамында есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды алудың заңдылығын растайтын белгіленген нысандағы құжат;
4) Тізімнің II Кестесі – медициналық мақсатта пайдаланылатын және қатаң бақылауға алынған есірткі және психотроптық заттардың тізімі;
5) Тізімнің III Кестесі – медициналық мақсатта пайдаланылатын және бақылауға алынған есірткі мен психотроптық заттардың тізімі;
6) Тізімнің IV Кестесі – бақылауға алынған прекурсорлар (есірткі мен психотроптық заттарды заңсыз дайындауда жиі пайдаланылатын химиялық және өсімдік заттар) тізімі.
2. Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсатта пайдалану тәртібі
1. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды тағайындау
3. Денсаулық сақтау ұйымдарында амбулаториялық және стационарлық емдеу кезінде құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды тағайындауды денсаулық сақтау ұйымының дәрігері жүзеге асырады.
Полная версия
ИС BestProfi