Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 25 қазаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.09.2018 жылғы № ҚР ДСМ-16 сәйкес
Внимание! Документ утратил силу с 25.10.2018
Интернатура туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 16 маусымдағы N 452 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6331 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 25 қазаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.09.2018 жылғы № ҚР ДСМ-16 Бұйрығына сәйкес
«Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және студенттерді клиникалық даярлауды әрі қарай жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры (Н.Қ. Хамзина) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментінің директоры (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін Қазақстан Республикасы оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.
4. «Интернатура туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 8 қарашадағы № 523 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4483 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2006 жылғы 27 желтоқсандағы № 221 (1027) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Досқалиев
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 16 маусым № 452 бұйрығымен бекітілген
Интернатура туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Интернатура – медициналық жоғары оқу орындарының білім алушыларын базалық медициналық білім беру шеңберінде бір немесе екі жылдық даярлау нысаны болып табылады.
2. Интернатураның негізгі міндеті медициналық жоғары оқу орындарын бітірушілерді практикалық даярлауды жақсарту, олардың кәсіби деңгейін және дербес дәрігерлік қызметке дайындық дәрежесін көтеру болып табылады.
3. Интерндерді даярлау осы Ережеге, әрбір мамандық бойынша үлгілік оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Нақты мамандық бойынша кәсіптік білім беру бағдарламасының міндетті минимумы мемлекеттік жалпыға міндетті стандартпен белгіленеді. Интернатурадағы жұмысқа арналған оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары ректордың бұйрығымен бекітіледі және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартарының өзгерістерін ескере отырып, қайта қаралып отырады.
4. Интерндерді даярлау жоғары медициналық білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.
5. Интерндерді мемлекеттік білім беру тапсырысының белгіленген санынан асыра даярлау оқуға жұмсалатын шығындарды толық өтей отырып және осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, шарт негізінде жүзеге асырылады.
2. Интернатураға қабылдау және оқу
6. Интерндерді даярлау «Интернатура және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген), бекітілген мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.
7. Жоғары оқу орнының ректоры Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің келісімімен, сондай-ақ денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының немесе денсаулық сақтау ұйымдарының өтінімдері негізінде ағымдағы жылғы 1 шілдеден кешіктірмей мамандықтар бойынша интерндерді даярлау жоспарын бекітеді.
8. Мамандықтар бойынша интернатураға қабылдау жалпы практика дәрігерін қоспағанда оқудың барлық кезеңіндегі үлгерім балына сәйкес (өндірістік практиканың бағасы ескерілгенде) конкурстық негізде жүзеге асырылады.
9. Конкурсқа емдеу ісі, педиатрия, шығыс медицинасы, «жалпы медицина», «стоматология» мамандықтары бойынша жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломы бар адамдар жіберіледі.
10. Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың қабылдау мерзімі ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап 15 тамызға дейін.
11. Конкурс жоғары оқу орнының конкурстық комиссиясына студенттермен ұсынған құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
12. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер нақты мамандық бойынша интернатураға қабылдау туралы ректор атына өтініш, медициналық жоғары оқу орны білім туралы диплом (түпнұсқа), дипломға қосымшаның көшірмесін, жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесін береді.
13. Интернатураға қабылдау және мамандықтары бойынша топ құру ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігіне ақпаратты бере отырып, жоғары оқу орны ректоры бұйрығының негізінде ағымдағы жылғы 28 тамыздан кешіктірмей интернатураға қабылданады.
14. Интернатурада оқу жылы ағымдағы жылғы 1 қыркүйекте басталып, үлгілік оқу бағдарламасына және оқу жоспарына сәйкес аяқталады.
15. Интернатурада мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға стипендия Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияны төлеу ережесіне сәйкес төленеді.
16. Келісім-шарт бойынша оқудың ақылы нысанында білім алатын студенттер интернатурадан келісім-шартта белгіленген жағдайларда өтеді.
3. Интерндерді даярлау және жұмысын басқару нысаны
17. Интернатурада оқу денсаулық сақтау ұйымдарының жоғары білікті оқытушылардың басшылығымен бірінші және жоғары біліктілік санатты дәрігерлерді тарта отырып, жүргізіледі.
18. Топтағы интерндердің саны 6 адамнан аспауы тиіс.
19. Интерндерді оқыту жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базаларында осы Ереженің, нақты мамандық бойынша типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде әзірленген жеке жоспар бойынша жүргізіледі.
20. Интерннің үйренуі үшін міндетті кәсіптендіру пәндердің тізбесі типтік оқу жоспарында және бағдарламасында көзделеді.
21. Жеке жоспарына сәйкес интерн:
1) дәрігерге дейінгі медициналық көмекті, білікті медициналық көмекті, мамандандырылған медициналық көмекті, медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін ұйымдарында науқастарға жетекшілік етеді;
2) диагностикалық, емдік және алдын алу іс-шараларын тағайындауға және орындауға қатысады;
3) құжаттаманы және халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізеді;
4) бөлімшенің қызметі туралы есептер жасауға қатысады;
5) алдын алу тексеруге, диспансерлеуге, консилиумдерге қатысады;
6) терапевтер, хирургтер, акушерлер-гинекологтар, педиатрлар қоғамдарының және басқаларының жұмысына қатысады;
7) сырқаттарды аралауға, клиникалық талдауларға қатысады;
8) айына кемінде төрт рет емдеу-профилактикалық ұйымдарында кезекшілік етеді (бірақ осы Ереженің 24-тармағында көрсетілген интерннің оқу жүктемесін есептеу кезінде ескерілмейді);
9) клиникалық және клиникалық-анатомиялық конференцияларға қатысады;
10) патологиялық-анатомиялық союларға қатысады, аутопсия, биопсия және операциялық материалдарды зерттеуге қатысады.
22. Интерннің апталық оқу жүктемесі 36 академиялық сағатты және клиникадағы 18 академиялық сағат өзіндік жұмысты құрайды. Интерннің клиникадағы өзіндік жұмысының мазмұны мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасымен айқындалады.
23. Интерннің емдеу-алдын алу жұмысының көлемі мамандығы бойынша ординатор-дәрігер жүктемесінің 50%-ына дейінгі мөлшерін құрайды.
24. Интерндердің білімін және дағдыларын бағалау ағымдық, межелік бақылау және қорытынды аттестаттау нысанында жүзеге асырылады.
25. Межелік бақылау аралас пәндер мен таңдаған мамандықтың негізгі бөлімдері бойынша сынақ түрінде жүзеге асырылады, олардың нәтижелерін қорытынды аттестаттауға жіберу рұқсаты анықтайды.
26. Аттестаттау комиссиясының құрамына денсаулық сақтау саласындағы жоғары біліктілік мамандары енгізіледі.
27. Оқу жоспары мен бағдарламасының пәндерін меңгерген интерндер таңдаған мамандығы бойынша қорытынды аттестаттауға жіберіледі.
28. Қорытынды аттестаттау мынадай екі кезеңде жүргізіледі:
1) қорытынды тестілеу;
2) практикалық дағдыларды аттестаттау.
29. Емтиханды ойдағыдай тапсырған интерндер берілген мамандық бейіні көрсетіліп интернатураны бітіргені туралы куәлік алады. Бітіруші-интерннің өзіндік практикасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 06 қарашададағы № 661 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5884 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік емтихандарын өткізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Полная версия