1. Қоса беріліп отырған Интернатура туралы ереже бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 16.06.2010
Интернатура туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 8 қарашадағы N 523 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 8 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4483 болып енгізілді
Күші жойылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.06.2010 № 452 Бұйрығымен (08.11.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Білім туралы ", "Денсаулық сақтау жүйесі туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 317 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Білім, ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Хамзина Н.Қ.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 8 қарашадағы N 523 бұйрығымен бекітілген
Интернатура туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Интернатура медициналық жоғары оқу орындары жүзеге асыратын нақты мамандану бойынша студенттерді бір жылдық даярлаудың міндетті нысаны болып табылады.
2. Интернатураның негізгі міндеті медициналық жоғары оқу орындарын бітірушілерді практикалық даярлауды жақсарту, олардың кәсіби деңгейін және дербес дәрігерлік қызметке дайындық дәрежесін көтеру болып табылады.
3. Интернатурадан өтпеген адамдар клиникалық практикаға жіберілмейді.
4. Интерндерді даярлау осы Ережеге, әрбір мамандық бойынша типтік оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Нақты мамандық бойынша кәсіптік білім беру бағдарламасының міндетті минимумы тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті стандартпен белгіленеді. Интернатурадағы жұмысқа арналған оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары ректордың бұйрығымен бекітіліп, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына өзгерістер ескеріле отырып, 5 жыл сайын қайта қаралып отырады.
5. Интерндерді даярлау жоғары медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.
6. Интерндерді мемлекеттік білім тапсырысының белгіленген санынан асыра даярлау оқуға жұмсалатын шығындарды толық өтей отырып және осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, шарт негізінде жүзеге асырылады.
2. Интернатураға қабылдау және оқу
7. Интернатурада мемлекеттік білім тапсырысы бойынша даярлау мынадай мамандықтар (маманданулар) бойынша жүзеге асырылады:
"емдеу ісі" (терапевт, хирург, акушер-гинеколог, жалпы практика дәрігері);
"педиатрия" (педиатр, балалар хирургі, жалпы практика дәрігері);
"стоматология" (жалпы практика стоматолог дәрігер);
"шығыс медицинасы" (инерефлекстерапевт-дәрігер, мануальды терапия дәрігері, фитотерапевт-дәрігер, жалпы практика дәрігері).
8. Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті мемлекеттік органдарының немесе тиісті денсаулық сақтау ұйымдарының өтінімдері негізінде үш жақты шарт жасасқан жағдайда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2391 тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 19 маусымдағы 458 бұйрығымен бекітілген Дәрігерлік лауазымдар мен мамандықтар номенклатурасында көрсетілген басқа да мамандықтар бойынша мемлекеттік білім тапсырысымен интернатурада даярлауға болады.
9. Интерндерді шарт негізінде даярлау қолданыстағы типтік оқу жоспарына және бағдарламасына сәйкес таңдалған мамандану бойынша жүзеге асырылады.
10. Жоғары оқу орнының ректоры Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің келісімімен, сондай-ақ денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының немесе денсаулық сақтау ұйымдарының өтінімдері негізінде 1 шілдеден кешіктірмей маманданулар бойынша интерндерді даярлау жоспарын бекітеді.
11. Маманданулар бойынша интернатураға қабылдау жалпы практика дәрігерін қоспағанда, конкурстық негізде жүргізіледі.
12. Конкурсқа емдеу ісі, педиатрия, шығыс медицинасы, "стоматология" мамандықтары бойынша жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломы бар адамдар жіберіледі.
13. Конкурс жоғары оқу орнының конкурстық комиссиясына ұсынған құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
14. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер нақты мамандық (мамандану) бойынша интернатураға қабылдау туралы ректор атына өтініш, кафедра басшысының және өтініш берілген мамандық бойынша базалық емдеу мекемелерінің жетекші клиницистерінің кемінде 2 ұсыныс хатын береді.
15. Интернатураға іріктеудің критерийі оқудың барлық кезеңіндегі емтихандардың қорытындылары бойынша (өндірістік практиканың бағасы ескерілгенде) орташа балл болып табылады.
16. Интернатураға қабылдау жоғары оқу орны ректоры бұйрығының негізінде интернатураға қабылданады. Жоғары оқу орны интернатураға қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін 1 қазаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне береді.
17. Интернатурада оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, типтік оқу бағдарламасына және оқу жоспарына сәйкес аяқталады.
18. Интернатурада мемлекеттік білім тапсырысы бойынша білім алушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде стипендия төленеді.
19. Келісім-шарт бойынша оқудың ақылы нысанында білім алатын студенттер интернатурадан келісім-шартта белгіленген жағдайларда өтеді.
3. Интерндерді даярлау мен олардың жұмыстарын бақылау нысаны
21. Интернатурада оқу денсаулық сақтау ұйымдарының бөлімше меңгерушілері мен тәжірибелі дәрігерлері тартыла отырып, жоғары білікті оқытушылардың - дәрігерлік бірінші және жоғары санатты клиницистердің басшылығымен жүргізіледі.
22. Топтағы интерндердің саны 6 адамнан аспауы тиіс.
23. Интерндерді оқыту жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базаларында, сондай-ақ тиісті кафедраларда осы Ереженің, нақты мамандану бойынша типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде әзірленген жеке жоспар бойынша жүргізіледі.
24. Интерннің үйренуі үшін міндетті арнайы және шектес пәндердің тізбесі типтік оқу жоспарында және бағдарламасында көзделеді.
25. Жеке жоспарына сәйкес интерн:
1) бастапқы медициналық-санитарлық көмекті, стационарлық көмекті көрсететін ұйымдарда, жедел медициналық жәрдем ұйымдарында сырқаттарға жетекшілік етеді;
2) диагностикалық, емдік және алдын алу іс-шараларын тағайындауға және орындауға қатысады;
3) қажетті құжаттаманы және халық арасында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізеді;
4) бөлімшенің қызметі туралы есептер жасауға қатысады;
5) алдын алу тексеруге, диспансерлеуге, консилиумдерге қатысады;
6) терапевтер, хирургтер, акушерлер-гинекологтар, педиатрлар және басқаларының қоғамдарының жұмысына қатысады;
7) сырқаттарды аралауға, клиникалық талдауларға қатысады;
8) айына кемінде төрт рет емдеу-алдын алу ұйымдарында кезекшілік етеді (бірақ осы Ереженің 26-тармағында көрсетілген интерннің оқу жүктемесін есептеу кезінде ескерілмейді);
9) клиникалық және клиникалық-анатомиялық конференцияларға қатысады;
10) мамандығы бойынша лекцияларға барады, патологиялық-анатомиялық союларға қатысады.
26. Интерннің апталық оқу жүктемесі 36 академиялық сағатты және клиникадағы 18 академиялық сағат өзіндік жұмысты құрайды. Интерннің клиникадағы өзіндік жұмысының мазмұны мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасымен айқындалады.
27. Интерннің емдеу-алдын алу жұмысының көлемі мамандығы бойынша ординатор-дәрігер жүктемесінің 50%-ына дейінгі мөлшерін құрайды.
28. Интерндердің білімін бақылау ағымдық, жарты жылдық және қорытынды аттестаттау нысанында жүзеге асырылады.
29. Ағымдық аттестаттау шектес пәндер мен таңдаған мамандықтың негізгі бөлімдері бойынша сынақ түрінде жүзеге асырылады, олардың нәтижелерін жарты жылдық және қорытынды аттестаттауға жіберу рұқсаты анықтайды.
30. Жарты жылдық аттестаттау негізгі мамандық пен шектес пәндер бойынша бірінші семестрден кейін жүргізіледі және ол практикалық дағдылар мен теориялық білімді қамтиды.
31. Интерндердің практикалық дағдыларын аттестаттау кезінде аттестаттау комиссиясының құрамына мамандану бейіні бойынша денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының бас мамандары, денсаулық сақтау ұйымдарының бөлімше меңгерушілері енгізіледі.
32. Оқу жоспары мен бағдарламасының пәндерін меңгерген интерндер таңдаған мамандығы бойынша қорытынды аттестаттауға жіберіледі.
33. Қорытынды аттестаттау мынадай екі кезеңде жүргізіледі:
1) практикалық дағдыларды аттестаттау;
2) таңдаған мамандығының негізгі пәні мен типтік оқу жоспарына кіретін шектес пәндер бойынша теориялық даярлық деңгейін анықтау.
34. Емтиханды табысты тапсырған интерндер мамандану бейіні берілгені көрсетілген интернатураны бітіргені туралы куәлік алады. Бітіруші-интерннің өзіндік практикасы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2763 тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 190 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Қараңыз
Полная версия